7 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қала күніне орай «Қарағанды кенге бай, қазыналы өлке» атты әдеби-танымдық саяхат өткізілді. Шараның мақсаты: жас ұрпақтың өз қаласы мен оның тарихы үшін мақтаныш сезімін сақтау және дамыту, Қарағанды қаласының өткен тарихымен таныстыру, қаланың мәдени көрікті жерлері мен ескерткіштерін құрметтеп, қорғауға тәрбиелеу. Шараға №52 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Қарағанды қаласының даму тарихы, мәдениеті және аты аңызға айналған  Аппақ Байжановтың оқиғасы туралы әңгімеледі. Еліміздің өркендеуі үшін еңбектеніп келе жатқан кеншілер туралы ақпарат берілді. Бейнеролик көрсетілімі арқылы қаланың мәдени көрікті жерлері мен ескерткіштеріне саяхат жасалды, «Қарағанды – сүйікті қалам» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді/

123 min1234 min12345 min

Яндекс.Метрика

6 ақпанда №8 кітапхана-филиалының  оқу залында  Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша  талқылау іс-шарасы өтті.  

Шараның мақсаты:  кітапхананың оқырмандарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен таныстыру, Президенттің әрбір Жолдауының қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға, еліміздің 30 дамыған елдің қатарына кіруіне бағытталғаны  жөнінде әңгімелеу. Шара барысында талқылауға кітапханамыздың бірнеше жылдар бойы кітапхана жұмысына белсене қатысқан оқырмандары қатысты.  Оқырмандар Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауымен слайд-презентация арқылы таныстырылды.  Талқылауға қатысқан оқырмандар Елбасы жолдауының ұтымды ұсыныстары туралы пікірлерін ортаға салды. Сөз кезегінде оқырмандар Мұқышев Сейдуали,  Бакенова Орынтай, Қалмағанбетова Галия Жолдаудағы 10 негізгі  басымдылықтарға тоқталып, 7- ші бағыт «Адами капитал - жаңғыру негізі» бағытына ерекше тоқталып ерекше өтті.  Қатысушылар іс-шара барысында Елбасының жаңа туындысы «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы жайлы мәлімет берілді. Оқырмандарды «Егемен Қазақстан» басылымында осы жаңа туынды жайлы жарияланған көптеген  мақалалармен таныстырылды. Шараға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктер» атты тақырыптық сөре әзірленді.

фотфото

Яндекс.Метрика

1ақпанда №8 кітапхана- филиалында қала күніне орай №74 орта мектептің 8 сынып оқушылары үшін «Туған өлкеміз - біздің мақтанышымыз» атты өлкетанулық кеш өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды Қарағанды облысының тарихымен, қаланың мәдени орталықтарымен, өлкенің атақты адамдарымен таныстыру, өз Отанына, жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Шара барысында оқырмандар Қарағанды қаласының тарихымен, осы өлкенің дамуына еңбек сіңірген атақты адамдардың өмірімен таныстырылды. Оқушылар «Қарағанды» атты кроссворд шешті. ақындардың өлең жолдарын оқыды және әндер шырқады. Қорытындысында «Кенді өлкем - Қарағанды» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жүргізілді.

20180130 133334 min20180201 100650 min 

 

 



Яндекс.Метрика




Жазушы, драматург Б.Мұқайдың туғанына 70 жыл толуына орай 31 қаңтар күні №1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының оқу залында №54 ЖББОМ оқушылары үшін «Өз заманының жазушысы» атты виртуалды портрет өткізілді. Мақсаты: оқушыларды жазушы, драматург Баққожа Мұқайдың  өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру.  Шара барысында кітапханашылар балаларға Б.Мұқайдың бай мұрасы туралы әңгімеледі. Оқушылар жазушының «Алғашқы махаббат» атты әңгімелер жинағымен және Кенесары ханның ерлігі жайлы жазылған, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Өмірзая» романымен танысты. Оның шығармалары мәскеулік орталық әдеби журналдарда, басылымдар мен жинақтарды жарық көрді. Шығармалары көп тілдерге аударылып, ТМД елдерінің театрларында сахналанды. Қазір Б.Мұқайдың  шығармашылығы еліміздің мектептерінде оқытылады. Шараның қорытындысында  «Өз заманының жазушысы» атты ашық  кітап көрмесіне шолу жүргізілді. 

 Мукаи 1 minМукаи 4 min



Яндекс.Метрика




31қаңтар күні  №12 балалар кітапхана-филиалының кітапханашылары №7 гимназияда  8 сынып оқушыларына арналған «Ұлтымыздың ұстазы - Ахмет Байтұрсынов» атты портреттік кеш өткізді. Мақсаты: балаларға қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру; өз Отанының патриоты, жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосқан нағыз қазақ азаматын үлгі ету. Ахмет Байтұрсыновтың 145-жылдығына арналған шараға қатысушы әр оқушы белсене атсалысып, А.Байтұрсыновтың жан-жақты талант иесі екенін ашуға тырысты. Шара барысында слайд-презентация көрсетілді, балалар А.Байтұрсыновтың өлеңдерін оқып, ән шырқады.  Кеш соңында «Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының мақтанышы» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалды.

121122 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика