📚« Кітап оқитын ұлт » республикалық марафон аясында 📚 «Кітап оқитын ұлт – рухани бай ұлт» атты әдеби танымдық шара ұйымдастырылды! Іс-шараға Қарағанды медицина университетінің 1-курс студенттері қатысты.

Шарада оқырмандарға "Кітап оқитын ұлт" республикалық марафон туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесіне шолу жасалып, жадынама парақшалар таратылды. Қызықты викториналық ойындар ұйымдастырылды. 🎲📖

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, көңілді әрі мазмұнды уақыт өткізді. ✨

            

4.09.2026 Тілдер күніне орай 5451 әскери бөлімнің кітапханашысы Д.Д.Таубаевамен бірге 5451 әскери қызметшілері үшін “Менің тілім - менің мақтанышым” атты әдеби сағат өткізілді. Филиал меңгерушісі Г.Б.Қосжан бұл мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіліп, көрнекті қазақ ғалымы және ағартушысы А.Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылғанын айтты. Кітап көрмесіне шолу, викторина және мақал-мәтелдерді білуге арналған конкурс өткізді. Іс-шараның мақсаты: елімізде тұратын халықтардың барлық тілдері мен мәдениетіне достықты, келісім мен құрметті нығайту.

        

2026 жылғы 10 тамызда «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлері OPEN AIR LIB акциясы аясында Майқұдық саябағында ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының күніне арналған «Абай мұрасы – кітапта» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

📖 Көрмеде Абайдың шығармалары мен қара сөздері, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер, зерттеу еңбектері оқырман назарына ұсынылды.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері әдеби шолу, кітаптарға шолу жасап, танымдық ойын-викторина ұйымдастырды. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық флаерлер таратылды.

🌿 Іс-шараға келген қала тұрғындары кітапхана қызметімен танысып, кітап оқу мәдениетін насихаттайтын пайдалы ақпараттар алды. Қатысушыларға кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларына өтуге арналған QR-кодтар, сондай-ақ кітапхана мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақшалар ұсынылды.

📚 Ашық аспан астында өткен танымдық кітап көрмесі кітаптың қоғамдағы орны мен рухани құндылығын дәріптеп, тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.

            

📚🌿 OPEN AIR LIB — кітаппен ашық аспан астында!

«OPEN AIR LIB» акциясы аясында Қарағанды кітапханалары Орталық саябақта кітап сүйер қауымға арналған жаңа кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 🌳📖

Көрме барысында оқырмандар заманауи әдебиеттермен, қызықты жаңа басылымдармен танысып, өз талғамына сай кітаптарды таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Ашық аспан, жайлы саябақ атмосферасы және жақсы кітап — жазғы күнді пайдалы әрі әсерлі өткізудің тамаша үйлесімі! ✨

📖 Кітап — жаңа әлемге бастар жол.
Ал кітапхана сол әлемді сізге жақындатады!

             

10.08.2026ж. Орталық саябақта «OPEN AIR LIB» акциясы аясында кітап сүйер қауымға арналған мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды. 🌿📖

Шараға №7, №27, №15 және №11 балалар кітапханасы филиалдары бірлесіп қатысып, оқырмандарға Абай Құнанбаевтың кітаптарымен қоса түрлі жанрдағы қызықты әрі танымдық кітаптарды ұсынды.

Кітап көрмесі келушілерге жаңа шығармалармен танысып, сүйікті кітаптарын таңдап, кітап әлеміне жақындай түсуге мүмкіндік берді. ✨

Ашық аспан астындағы кітап мерекесі — оқуға деген қызығушылықты арттырып, кітапхананың оқырманмен байланысын жаңа форматта жалғастырудың тамаша мүмкіндігі болды.

📖 Кітап — ойдың қанаты, білімнің бастауы!

                

Яндекс.Метрика