27 қаңтар күні №11 кітапхана-филиалында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын таныстыру және талқылау бойынша ақпараттық сағат өтті. Баянтамашы №16 ЖББОМ мұғалімі Б.М.Жексенбаев оқырмандарды ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы кезекті Жолдауымен таныстырып, Жолдаудың еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында әрі қарай дамуына бағыттайтын мүмкіндіктерді ашып көрсетіп, нақты міндеттер жүктейтін бағдарламалық құжат екендігін түсіндірді. Ол жүзеге асырлуы тиіс он міндетті талдап, қажетті мәліметтер берді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мынадай он міндеті шешуге жұмылуымыз керектігін атап көрсетті: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс; Ресурстық әлеуетті одан ары дамыту; «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі; Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру; Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу; Қаржы секторын «қайта жаңғырту»; Адами капитал - жаңғыру негізі; Тиімді мемлекеттік басқару; Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі; «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін, «Смарт сити» технологияларын енгізу.
Президенттің Жолдаулары бойынша тақырыптық сөре безендіріліп, оқырмандарға заңнамалық құжаттар мен басылымдар ұсынылды. Шараның соңында Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы халықтың қолдауын қажет ететін, еліміз үшін маңызды құжат деген қорытынды жасалды.