«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің әдістеме бөлімі қала тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, әдістемелік қызметті жүзеге асырады.
Әдістеме бөлімнің басты бағыттары мен міндеттері:
- ОКЖ құрылымдық бөлімшелеріне бірегей ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
- Озат тәжірибені, ғылыми зерттеулер нәтижелерін, ОҚК мен барлық деңгейдегі әдістемелік орталықтардың ұсыныстарын зерделеу, жинақтау және ОКЖ жұмыс практикасына енгізу;
- Қаланың өзге жүйедегі және ведомстводағы кітапханаларының жұмысын үйлестіру, оларға әдістемелік көмек көрсету;
- Кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Бөлімде "Кітапхана - ОКЖ дамыту орталығы" жобасы бар, жобаның міндеті Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің кітапханаларының кәсіби білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін жетілдіру, инновациялық технологияларға оқыту, үздік жұмыс тәжірибесімен және инновацияларымен таныстыру. Осы жоба аясында жас мамандарды кітапхана ісінің майталмандарымен таныстыру мақсатында Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова және Шығыс Қазақстан облысы А.С.Пушкин атындағы ОҒӘК директоры Б.Ж.Шагиевамен кездесу ұйымдастырылды. 2022 жылы Қарағанды қаласында алғаш рет "Қарағанды қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолдауымен "Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы" ҚБ ҚОФ бірлесіп ОКЖ кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті. Біліктілікті арттыру курстары 17-19 мамыр аралығында кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында өткізілді, онда спикерлер Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары болды (Ш.Е.Өмірбекова, Э.О.Медетова, К.Д.Авелбекова). Курстарды тыңдағаннан кейін кітапхана қызметкерлеріне 58 сертификаттар берілді.
2023 жылғы 19 мамырда кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында М. О. Әуезов атындағы ОҚК кітапханашылары, № 4, 6, 7, 8, 11, 14, 15, 16, 22, 23, 27, 29, 31, 1 ж., 2 ж., 1б., 5б., 11б., 12б. филиалдар кітапханаларының меңгерушілері (жалпы саны 29 адам) «Қазақстандағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне» арналған «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» OPENAIR фестиваліне қатысу үшін Астана қаласына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына іссапарға шықты. Кітапхана қызметкерлері «Кітапханалық медиа жобалар: медиа сауаттылық», «Қазақстанның кітапхана қорының құжаттарын жүйелеу және каталогтау», «Мобилография және SMM-технологиялар», «TikTok контентін әзірлеу», «Қазақстандық кітапханалардағы кітап құжаттарын консервациялау және қалпына келтіру», «Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана: пайдалану технологиясы» секцияларына қатысты және 21 кітапханашы сертификат алды.
Бөлімнің меңгерушісі - Кейкина Салиман Еркебаевна
Бөлімнің жұмыс кестесі:
дүйсенбі — жұма 9.00-18.00
сенбі, жексенбі-демалыс
Байланыс ақпараты:
тел. (7212) 42-12-26
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.