««Қарағанды қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ»

№11 кітапхана филиалы

Мекен-жайы:     Қарағанды қ.

                               Қазыбек би ауданы

                               Университет көшесі, 27-үй, 2-пәтер

                               тел.8(7212) 35-54-08

                               E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Кітапхана ауданның білім беру, ақпараттық және мәдени орталығы болып табылады.

Кітапхана мақсаты:     Заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, аудан халқының өскелең

рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру; жастарды жалпы азаматтық құндылықтарға тарту,  рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, туған жерінің тарихына, мәдениетіне деген сұйіспеншілін арттыру, отансүйгіштік сезімге баулу,  құқықтық мәдениетті, салауатты өмір салтын насихаттау.

         Кітапхана қызметінің міндеттері - әр түрлі әлеуметтік топтағы оқырмандар сұранысын  қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, өлке тарихы, мәдениеті жайлы құжаттарды жинап, жүйелеп, сақтау, кітап қорын толықтыру, пайдаланушыларға толыққанды ақпараттық қызмет көрсету, кітапхана жұмыс процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді және қолдануды одан әрі дамыту.

         Кітапхананың оқырмандар саны - 1700. Жыл сайын кітапханаға 8500 оқырман келеді, 40000 жуық құжаттар беріледі.

         Бүгінгі күні кітапхана қоры – 15772 соның ішінде 8696 данасы мемлекеттік тілде.

         Кітапхана жыл сайын  40-қа жуық Қазақстан, Ресей және өлкетану мерзімдік басылымдарын алады. Бұлар газеттер, әдістемелік, медициналық және ғылыми-көпшілік журналдар.

Кітапханада жүргізілетін әр түрлі іс-шаралар жастардың рухани жан дүниесін, ой-өрісін байытуға, жоғарғы эстетикалық талғамын, қоғамдық санасын қалыптастыруға септеседі, оларды қоғамның салауатты азаматы етіп тәрбиелеуде, адамгершілікке, елі мен жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеуде маңызы зор. 

Көпшілік іс-шаралардың  тақырыптары елімізде болып жатқан түрлі тарихи, саяси оқиғаларға байланысты  таңдалады.    

Кітапхана қорын барынша насихаттау мақсатында кітапханада акциялар, тұсаукесерлер, кітап қараулар, кітап көрмелері, виртуальды көрмелер. бейне-презентациялар, челенджлер ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттер тізімі жасалады.

Тәуелсіз еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыт-бағдардан бастау алған білімді, ізденімпаз оқырмандарымыздың рухани талабын қанағаттандыруда «Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда.

Біздің кітапхана «Туған өлке – тұнған шежіре» бағдарламасы бойынша бірнеше жылдар бойы жұмыс жүргізіп келеді.

Мақсаты:     Арқа  өңірінің  тарихына,  рухани – мәдени  дамуына  қатысты материалдарды  жинастырып,  жүйелеп, сақтап, насихаттау,  рухани-мәдени таным арқылы тарихи сана негізінде жас ұрпақты патриоттық сезім, отаншылық рухта тәрбиелеу.

Міндеттері :

 -   халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұрасын қанағаттандыру,

-   ауданның  әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына ықпал ету;

-  қорды  өлкетану  әдебиеттерімен  толықтыру;

-  кітапханада өлкетану тақырыбында көпшілік мәдени  шараларды өткізу;

- өлкетану бойынша қорды жаңа электронды деректермен толықтыру;

- өлкетану қорын сандық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру, өлкетану деректер базасын құру;

- өлкетану материалдарын насихаттауда ақпараттық, библиографиялық жұмыстарды  жүргізу;

-   өлкетану қорындағы құжаттарды пайдалану барысында Интернет    желісі мен жаңа технологияларды пайдалану.

 

1

«Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №11 кітапхана-филиалында әйгілі күйші, халық композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына арналған «Дина Нүрпейісованың күйшілік әлемі» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді.
Шараға Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің күйшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Бақраев Қанат Балтабайұлы, академик Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ филология факультетінің І курс студенттері қатысты.
Мақсаты: әйгілі күйші-композитор Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын таныту, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу.
Шара барысында кітапханашылар қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндады. Содан кейін Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің күйшісі Бақраев Қанат ғасырға жуық ғұмыр кешіп, халқына өшпес күй мұрасын қалдырған Дина Нұрпейісованың ерен еңбегі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Қанат Бақраев оқырмандар алдында «Әсем қоңыр», «Тойбастар», «Бұлбұл» күйлерін тамылжыта орындды. Академик Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ, филология факультетінің студенті Зулпикар Жадыра дарынды өнер иесіне арналған ақын Ф.Оңғарсынованың «Күй» (Дина туралы диптихын) мәнерлеп оқыды. Халқымыздың біртуар перзентінің шығармашылығына арналған викторина өткізіліп, кітап көрмесі таныстырылды.

2026 01 30 120632     2026 01 30 120639    2026 01 30 120645

 

Қарағанды қаласының ОКЖ ,, №11 кітапхана филиалында жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына 90жыл толуына орай “ Өр рухтың өрісі” тақырыбында тұлғатану сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Медеу Сапаұлы Сәрсекенің өмірі мен шығармашылық жолын жан-жақты таныту,қазақ әдебиетіндегі деректі прозаның дамуына қосқан үлесін насихаттау.

2026 01 30 121707    2026 01 30 121717    2026 01 30 121734

Яндекс.Метрика