№ 12 Балаларға қызмет көрсету кітапханасы коворкинг-орталығы
«DAMY KEŃISTIGI»
Балалар кітапханасы-бұл ең алдымен мәдениеттің шығармашылық мекемесі және Біз өз оқырмандарымыз үшін ақпарат іздеу режимінде ғана емес, сонымен қатар жаңа оқырмандарды тартуға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға ықпал ететін іс-шаралардың жаңа форматтарында жұмыс істеуге тырысамыз. Кітапханада жұмыс істейтін интерактивті алаң шеңберінде күнделікті бос уақытты өткізу үшін /DAMY KEŃISTIGI/ біз кітаптарға міндетті түрде тарта және насихаттай отырып, балалардың пайдалы, танымдық және қызықты бос уақытын ұйымдастыру бойынша үнемі жұмыс жүргіземіз.
08.02.2026ж. кітапханада оқырмандарға арналған «Кітаптың мәңгілік серігі» атты бетбелгі жасау шеберханасы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі түсті қағаздар мен безендіру құралдарын пайдаланып, өз қиялдарына сай әдемі әрі ерекше бетбелгілер жасады. Шеберхана оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. Қатысушылар белсенділік танытып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, көтеріңкі көңіл күйде әсерлі уақыт өткізді. Соңында әр оқырман өз қолымен жасаған әсем бетбелгісін естелік ретінде алып қайтты.

05.10.2025ж. кітапхананың коворкинг орталығында оқырмандар отбасыларымен бірге шығармашылық шеберлік сағатына қатысып, жапырақтармен күзгі шамдар жасады. Іс-шара барысында қатысушылар табиғи материалдарды пайдалана отырып, өз қолдарымен ерекше сәндік бұйымдар дайындады. Бұл шараның мақсаты – отбасы мүшелерінің бірлесіп уақыт өткізуіне жағдай жасау, сондай-ақ балалардың қиялын, эстетикалық талғамын және қолөнерге қызығушылығын арттыру болды. Шара жылы әрі көңілді атмосферада өтті.

27.09.2025ж. кітапхананың коворкинг орталығында оқырмандар арасында Еңбек күніне арналған сурет сайысы өтті. Шараға жас оқырмандар белсене қатысып, өз қиялдары мен шеберліктерін қағаз бетіне түсірді. Балалар еңбектің қадірі мен маңызын түрлі бейнелер арқылы жеткізіп, әдемі әрі мазмұнды суреттер салды. Әрбір жұмыс шығармашылықпен орындалып, мерекенің мәнін айшықтай білді. Сайыс соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, ерекше көзге түскен суреттер атап өтілді. Бұл шара балалардың еңбекқорлыққа, шығармашылыққа және ізденіске деген қызығушылығын арттырды.





