"Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ»

№15 кітапхана филиалы 

 

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Пичугин к-сі, 240 ш. 1-2.

Тел. +7(7212) 51-10-93, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кітапхана құрылымы:

абонемент,
оқу залы.


Кітапхана қоры:

20200 дана,
оның ішінде қазақ тілінде: 5270 дана.


Қордың негізгі мазмұны:

салалық,
анықтамалық,
көркем әдебиет.


Мерзімді басылымдар:

журналдар,
газеттер.


Кітапхана ынтымақтасады:

№ 58, 41 ЖОББМ
компания "eMenu.kz.",
"Дипнер" жарнама агенттігі.

Кітапхана жұмысы туралы ақпарат БАҚ беттерінде, олардың сайттарында көрсетіледі.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылықтарын барынша қанағаттандыру және дамыту үшін жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады, оқырманды өз ресурстарында да, Интернет-ресурстарда да бағдарлайды, оны қызықтыратын тақырып бойынша ең құнды дереккөздерді ұсынады, ең маңызды атаулар мен әдебиет туындыларын насихаттауға ықпал етеді.

Интернет арқылы біздің оқырмандарымыз көптеген анықтамалықтарға қол жеткізе алады, соңғы әлемдік және аймақтық жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырады.

Жыл сайын акциялар өткіземіз: "Бір ел - бір кітап", "Ең қалың формуляр", "Досыңды кітапханаға әкел".

Жұмыстың жаңа нысандарын қолдана отырып, барлық оқырман топтары үшін бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

 

1

15 филиал кітапханасы Н. Әбдіров атындағы № 58 мектептің Жас Сарбаздар сыныбымен бірлесіп көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, абайтанушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайым Мұхамеджановтың туғанына 110 жыл толуына орай танымдық-әдеби іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қайым Мұхамеджановтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, оның Абай мұрасын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі атап өтілді. Оқырмандарға ғалымның еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттерден құралған кітап көрмесі таныстырылды.

2026 02 02 092947    2026 02 02 092951

Н.Әбдіров атындағы Жас Сарбаздар сыныбымен бірлесіп «Күй анасы – Дина» Дина Нүрпейсоваға 165 жыл толуына орай ақпараттық сағат өткізілді. Бұл іс-шарада Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылығы, күйші-композитордың қазақ күй өнеріне қосқан үлесі туралы мәлімет берілді.

2026 02 02 093001    2026 02 02 093005

 

 

 

 

Яндекс.Метрика