25 қазан күні №15 балалар кітапханасында №1, 11, 14, 29 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен саяси қайраткер Барлыбек Сыртанұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Алты Алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат» атты саяси портрет кеші өткізілді.
Мақсаты: оқырмандарға қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы, алаш азаматы Барлыбек Сыртанұлының өмірі мен саяси қызметі туралы мағлұмат беру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашылар Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, Қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы Б.Сыртановтың саяси-тарихи бейнесін ашып көрсетті. Шараға «Алты Алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат». атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
18 қазанда №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында №8,12,22,31,№1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалдарымен бірлескен №53ЖББМГ 9 сынып оқушылары үшін «Барлыбек Сыртанов – қазақ халқының мүддесін қорғаған күрескер» атты story timе өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының мүддесі үшін күрескен қоғам және мемлекет қайраткері, «Қазақ халқының Жарғысы» атты ең алғашқы қазақ Конституциясының авторы, ұлт зиялысы Барлыбек Сыртановтың өмірі мен қоғамдық қызметі және «Алаш» партиясының қызметі туралы білімдерін қалыптастыру, патриотизм мен азаматтық сезімді тәрбиелеу.
Шараға «Барлыбек Сыртанов – қазақ халқының мүддесін қорғаған күрескер» атты кітап көрмесі безендірілді, тақырыптық слайд-презентация, бейнеролик көрсетілді. Қорытындысында Жаңа Майқұдық Мәдениет Үйінің әншісі Қонқыш Сырым «Меркі» және «Ай ару» әндерін шырқады. Оқушылар өлең оқып, әндер орындады.
> > >
18 қазан күні №16 кітапхана-филиалы мен №2 жасөспірімдер кітапхана-филиалы бірлесе отырып, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиялық Жолдауы бойынша «Дамудың жаңа көкжиектері» атты өзекті диалог өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, «Қазақстан - 2050» Стратегиялық Жолдауын талдау, ел тарихына қызығушылықты дамыту, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу. Шара барысында Жолдаудың негізгі аспектілерін талқылаған «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда» тақырыбында мультимедиялық презентациясы ұсынылды, «Қазақстан» және «Менің Отаным – Қазақстан» атты бейнероликтер көрсетілді және «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім» атты кітап көрмесі безендірілді. Шараға 32 адам қатысты, 30 басылым ұсынылды, 14 кітап берілді.
> >
17 қазан күні №8 кітапхана-филиалында қазанда қазақтың батыр қызы М.Мәметованың 95 жылдығына арналған «Батырлар есімі мәңгілік» атты ерлік сағаты өтті.
Шараның мақсаты: М.Мәметованың ерлігі жөнінде ақпарат беру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру. Шара барысында М.Мәметованың өмірбаянымен таныстырып, батыр қыздың туысқандарына жазған хаттары және олардың ерлік істері туралы айтылды. Шара «Батырлар есімі мәңгілік» атты тақырыптық кітап көрмесі, Мәншүктің суреті, өмірбаяны жазылған плакатпен безендірілді. М.Мәметова жайлы кітаптар, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалармен таныстырылды.
> > >