М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында оқырмандарға кітап мұхитында бағыт-бағдар табуға қол ұшын беретін ең маңызды бөлім – қызмет көрсету бөлімі, оған абонемент, оқу залы және балалар бөлімі жатады.
Абонемент бөлімі кітапхананың құрылған күнінен бастап жұмыс істейді. Бөлімнің басты мақсаты - пайдаланушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру және рухани-мәдени деңгейін көтеру, ел тарихындағы аса маңызды оқиғаларды, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық өзгерістерді баспасөз материалдарының желісімен кеңінен насихаттау. Жыл сайын 4 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетеді. Абонемент қорын - тарих, философия, жаратылыстану, медицина, дене шынықтыру және спорт, әдебиеттану және көркем әдебиет бойынша 40 мыңға жуық кітаптар құрайды.
Оқу залы - оқырманның қазіргі заманғы және өзекті әр түрлі тақырыптағы ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған орын. Оқу залы бейне және аудио материалдарды көріп-тыңдау үшін 10 мультимедиялық жеке кабинеттермен жабдықталып, пайдаланушыларға заманауи қызметтерді енгізіп, кез келген уақытта ақпаратты шұғыл, сапалы, қолайлы түрде пайдалануды ұсынады.
Балалар бөлімі мектепке дейінгі балаларға және мектепте оқитын балаларға, балалар оқуының жетекшілеріне сұраныстарын, қызығушылықтарын және талаптарын еске ала отырып, қажетті әдебиетпен қамтамасыз етіп, қызмет көрсетеді. Оқырмандар қызығушылығын дамытуға жағдай жасайды, балалардың бос уақыттарын пайдалы және қызықты өткізуді ұйымдастырады, балалар ұйымдарымен, мектептермен өз жұмысын үйлестіреді. Балаларға қызмет көрсету бөлімінде оқырмандардың қызығушылықтары бойынша 2 клуб жұмыс істейді:
- «Султик» жан-жақты дамыту клубы. Клуб мүшелері - 6-15 жас аралығындағы оқырмандар.
- «Өнерлі бала» поэзия-шығармашылық клубы. Клуб мүшелері – 6-10 жас аралығындағы балалар.
Балалар бөлімі аясында «Даму кеңістігі» коворкинг орталығы жұмыс жасайды. Коворкинг орталығы - кітапхананың әрбір пайдаланушысы қызығушылықтары бойынша өзіне керекті құралды таба алатын, бөлінген функционалдық аймақтары бар интерактивті алаң болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстану үшін кітапханада спорт бұрышы да жабдықталған. Жергілікті авторлардың кітаптарын көпшілікке тарату мақсатында кітапханада кітаптардың QR-кодтары бар мобильді кітапхана оқырмандарға қосымша ақпарат берудің тиімді тәсілі ретінде белсенді пайдаланылатын болады. Сондай-ақ 8 халыққа қызмет көрсету орталықтарында және қала театрларында, Кеншілер Мәдениет үйінде "Мобильдік кітапхана" жобасы іске асырылды. Сонымен қатар кітапханада EGOV.KZ электрондық үкіметінің өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Бөлім меңгерушісі - Қанатбекова Гүлнұр Әубәкірқызы
Бөлімнің жұмыс кестесі:
сейсенбі-жексенбі
қысқы уақыт 9.00 — 18.00
жазғы уақыт 10.00 - 19.00
дүйсенбі-демалыс
Байланыс ақпараты:
тел. (7212) 42-11-56
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.