№29 кітапхана филиал библио-коворкингі
28.01.2025ж. Қазақстандық жазушы, публицист, аудармашы, прозашы, қазақтардың фольклорлық мұрасын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің алыбы» атты портрет кеші өтті. Шараға М.Жұмабаев атындағы гимназияның 8- сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шарада жазушының өмірбаяны мен шығармалары туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесіне шолу өтті. Шара соңында Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның шығармаларынан сөзжұмбақ шешті.
17 қаңтар 2025 ж. 29 кітапхана-филиалында дипломат, шешен, қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек би Келдібекұлының 360 жылдығына орай “Қазақ халқының ұлы биі” атты ақпараттық тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға М.Жұмабаев атындағы гимназияның 8-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға Қазыбек би туралы ақпараттар беріліп, қазақтың ұлы биі туралы сұрақтар мен жұмбақтар қойылып, оқушылар қойылған сұрақтар мен жұмбақтарға нақты жауаптар берді.
12.01.2025 ж. DAMY KENISTIGI коворкинг орталығында «Созидание» әдеби клубының отырыс болды. Мұнда А.Дюманың «Мушкетера» романын талдады. Келесі талдауға Харпер Лидің «Убить пересмешника» романы таңдалды