25 қаңтарда №15 балалар кітапхана-филиалында Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына орай оқырмандар арасында «Елбасы жолдауы-болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауының мазмұнымен таныстыру. Іс-шараға № 86 орта мектептің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары Нұрмағамбетова С. Қ. қатысты. Кітапханашы Игембаева Д. Т. оқушыларды Елбасы Жолдауында баяндалған 10 негізгі міндеттермен таныстырды. Оның ішінде балалар келесі міндеттерге: білім берудің жаңа сапасына, жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар туралы әңгімеге ерекше назар аударды. Барлық өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерларды қоса алғанда барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру жөнінде мәлімет қызықтырды. Шара барысында «Елбасы жолдауы-болашақтың бағдары» атты ақпараттық кітап көрмесімен таныстырылып, шолу жасалды.
>
24 қаңтар күні № 22 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауына арналған пресс-хабарлама өтті. Мақсаты: қазақстандық патриоттықты тәрбиелеу, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау, Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы түсінікті қалыптастыру, еліміздің тарихына қызығушылықты дамыту. Оқырмандарға келесі мазмұнда түсіндіру хабарламасы жасалды: Президенттің Жолдауындағы елімізді дамытудың басты бағдары өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылуы үшін маңызды. Елбасының Жолдауы еліміздің жан-жақты дамуы үшін экономика мен әлеуметтік саланың алдына нақты 10 міндетті қойды; өндірістік үдерістерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді меңгеру арқылы еңбек өнімділігін арттыруды міндеттеп отыр; сондай-ақ, әлеуметтік даму мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Сонымен, Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы еліміздің әрі қарай жаңғыруына маңызды бастама болып табылады және әрбір қазақстандықтың іс-әрекеттеріне жетекшілік жасайды.
>
23 қаңтар күні №5 балалар кітапхана-филиалында №12 ЖББОМ 8 «б» сынып оқушыларына ҚР Президенті Н. Ә. Назабаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау бойынша «Қазақстан даму жолында» тақырыбында ақпарат алаңы өткізілді. Іс – шараның мақсаты: ҚР Перзидентінің Жолдауының негізгі бағыттарының мазмұнын ашу, жан-жақты талқылап, түсіндіру, Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Шараға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесі безендірілді, осы тақырыпта слайд – презентация көрсетілді.
> > >
24 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана кітапханашылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ЖШС «Санат» полиграфиясының қызметкерлерімен «Жаһандық технологиялық өзгерістерге нық қадаммен» атты іскерлік сұхбат өткізді. Іс шараның мақсаты: ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру; Отанымыздың тағдырына, оның өткені, бүгіні және болашағына бей-жай қарамау сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттау, азаматтардың жалпы, кешенді, үздіксіз патриоттық тәрбиесі мен жаһандық технологиялық өзгерістерге деген оң көзқарастарын қалыптастыруға қолдау көрсету. Сұхбат барысында еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Жаһандық технологиялық өзгерістерге нақты бетбұрыс жасаған тұсында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы Жолдауы дамудың нақты міндеттерін бекітіп беріп отырғаны жөнінде әңгімеленді. Полиграфия қызметкерлері Жолдаудың бағыты мен еліміздің алдына қойылған мақсат-міндеттері туралы өз көзқарастарымен бөлісті. «Жаһандық технологиялық өзгерістерге нық қадаммен» атты ақпараттық көрмеге шолу жасалып, қатысушылар жолдау материалдарымен жақын танысты.
>
19 қаңтарда №11 кітапхана филиалында қазақ халқының ұлы композиторы, қазақ музыкасының негізін қалаушы Мұқан Төлебаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты шығармашылық сағат өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, оның шығармашылығын насихаттау. Оқырмандар назарына композитордың халқының рухани қазынасына айналған шығармашылығы, әр жылдарда баспасөз беттерінде жарық көрген зерттеулер, мақалалар топтамасынан шолу ұсынылды.
> >