1 ақпан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы №2 облыстық туберкулезге қарсы диспансерде «Президент жолдауы-ел игілігі» атты ақпараттық сағат яғни, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын түсіндіру,насихаттау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын түсіндіру, талқылау; өз елінің патриотын тәрбиелеу. Шара модераторы кітапханашы Оразғалиева жолдаудың тарихи мәні мен мағынасын қысқаша түсіндіріп өтті. Жолдаудың басты міндеттердің бірі әлеуметтік салаға, медициналық көмекке арналған екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ цифрландыру, цифрлық технология енгізу, дамыған елдер қатарына кіру жайында да айтылатынын атап айтты. Шара барысында қатысушы медицина қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, алдағы уақытта елмүддесі үшін бірлесіп жұмыс атқаратындарын жеткізді.
> > >
30 қаңтар күні №6 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тақырыбы бойынша Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 2 курс студенттері үшін ойталқы-әңгіме өткізілді.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру, студенттердің саяси мәдениетін дамыту. Талқылау диалог түрінде өтті. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қандай негізгі бағыттар бекітілген? Президент Жолдауының қандай сөздерін қолдайсыздар? ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саласы үшін аса маңызды 10 міндеттен тұратын бағдарламалық құжат болып табылады. Шараға қатысушы тарих пәні мұғалімі Абдибекова Г.Б. жаңа саяси бағдар жастарға жаңа мүмкіндіктер беруге, яғни сапалы білім, еңбек, және жарқын болашақ болуы үшін жағдай жасауға бағытталғаны туралы айтып өтті. Бұл құжатты іске асыратын негізгі күш – жастар деп санаймын деген пікірін білдірді.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Омарова Т. Елбасымыздың Жолдауын телеарнадан тыңдап түсінгенін, мемлекет пен халқымыздың даму жолында, білім мен медицинаны жетілдіру үшін нақты мақсат-міндеттер жүктегенін қолдайтынын айтып, басқаларды да осындай мақсатқа үндеді. Болашақ дені сау ұрпақтың қолында, сондықтан бұл тарау «Ұлт саулығы – жетістікті болашақ негізі» деп аталады.
> > >
27 қаңтар күні №11 кітапхана-филиалында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын таныстыру және талқылау бойынша ақпараттық сағат өтті. Баянтамашы №16 ЖББОМ мұғалімі Б.М.Жексенбаев оқырмандарды ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы кезекті Жолдауымен таныстырып, Жолдаудың еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында әрі қарай дамуына бағыттайтын мүмкіндіктерді ашып көрсетіп, нақты міндеттер жүктейтін бағдарламалық құжат екендігін түсіндірді. Ол жүзеге асырлуы тиіс он міндетті талдап, қажетті мәліметтер берді. Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мынадай он міндеті шешуге жұмылуымыз керектігін атап көрсетті: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс; Ресурстық әлеуетті одан ары дамыту; «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі; Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру; Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу; Қаржы секторын «қайта жаңғырту»; Адами капитал - жаңғыру негізі; Тиімді мемлекеттік басқару; Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі; «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін, «Смарт сити» технологияларын енгізу.
Президенттің Жолдаулары бойынша тақырыптық сөре безендіріліп, оқырмандарға заңнамалық құжаттар мен басылымдар ұсынылды. Шараның соңында Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы халықтың қолдауын қажет ететін, еліміз үшін маңызды құжат деген қорытынды жасалды.
> > > >
30.01.2018 күні №14 филиал кітапханасында «Болашақ» колледжінің студенттері үшін ҚР Президентінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа жолдауында талқылау мақсатында «Цифрлық дәуір белгісімен» атты саясат сағаты өткізілді. Мақсаты: Студенттерді Елбасының биылғы стратегиялық Жолдауымен таныстыру, талдау. Н.Ә.Назарбаевтың елімізді нығайтуға қосқан зор үлесін дәріптеу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріне арналған басылымдарын насихаттау, Отанға деген сүйіспешіліктерін, саясатқа деген көз қарастарын дамыту. Шара барысында Жолдаудың негізгі бағыттары мен көпмерзімдік мақсаттарды іске асыру жолдары талқыланып, он міндетке тоқталып өтті. Бағдарламалық құжат туралы презентация слайд жинағы көрсетілді. Қорытындысында газет-журналдардағы Жолдауға қатысты мақалаларға шолу өткізілді.
> > >
2018 жылы қаңтар айында ҚР ең бірінші Конституцясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай №31 кітапхана-филиалында «Бірінші Конституция – мемлекеттің төлқұжаты» атты кітап экспозициясы безендіріліп, оқырмандар еліміздің басты құжатының қалыптасу тарихын баяндайтын құжаттармен таныстырылды. Мақсаты: еліміздің басты Заңы туралы білімдерін тереңдету, қазақ халқының өткен тарихына қызығушылықты арттыру. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы парламенттік республика моделінің негізінде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 28 қаңтарда XII рет шақырылған IX сессиясында қабылданды. Экспозицияда ұсынылған алғашқы Конституция жөніндегі материалдар Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы туралы құнды ақпараттар алуына мүмкіндік берді.
> > >