13 ақпанда  №27 кітапхана-филиалында № 83 ЖББОМ Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай 9 сынып оқушылары үшін «Ұмтылуы мүмкін емес» атты әскери-патриоттық сағат өтті. Мақсаты: оқушыларды Ауғанстан соғысының тарихи маңызымен таныстыру, әскери парыз бен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.  Іс-шара барысында жүргізушілер 550 мың Кеңес сарбаздары мен офицерлері он жыл қатысып келген Ауғанстан жеріндегі соғыс туралы әңгімеледі. Әлем әр дәуірде ғаламшарды дүр сілкіндірген, миллиондаған өмірлерді қиып, адам қолымен жасалған құндылықтарды қиратқан, өркениетті кері кетірген қайғылы оқиғалар мен қатыгез соғыстарды ешқашан ұмытпайды. Ауған соғысы да біздің халқымыз үшін осындай қайғы-қасірет әкелгені жөнінде түсінік берілді. Оқушылардың назарына ауған соғысының оқиғалары туралы презентация мен әдебиеттердің ашық көрмесі ұсынылды. 

271272

Яндекс.Метрика

13 ақпан күні №8 кітапхана-филиалында № 85 ЖББОМ  8 «а» сынып оқушылары үшін «Қазақстан: даму бағдары» атты ақпарат алаңы өтті.  Мақсаты: мемлекеттің саяси өміріне белсене атсалысу, өз елінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру, қазақстандық патриотизм мен өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.  Шараға «Бірлігі жарасқан, гүлденген Қазақстан» атты әдебиеттердің ашық көрмесі безендірілді, «Дамудың жаңа көкжиектері» атты слайд-презентация көрсетілді. Шараға 15 адам қатысты.

8

Яндекс.Метрика

9 ақпан күні №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында №73 ЖББОМ 4-сынып оқушылары үшін «Мен тұратын қаламды жақсы білемін» атты викториналық саяхат өтті. Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды көпшілік ортаға тарту, туған өлке жайындағы кітаптарды оқуды насихаттау. Шара барысында қаламызда Н.Әбдіровке қойылған ескерткіштің 60 жылдығына арналған «Мәңгілік тұғырына орналасқан» атты өлкетану саяхаты өткізілді. Оқушылар үшін «Мақтанышым - Қарағандым!» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және  «Қарағанды: кеше,бүгін,ертең» деректі  фильмі көрсетілді. Шараға 14 адам қатысты.

121122123

Яндекс.Метрика

№1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалында қала күніне орай № 34 ЖББОМ 8 сынып оқушылары үшін  «Мен қаламды мақтан етем» атты  репортаж – кеш өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға туған қаласының тарихымен таныстыру, қала туралы білімдерін кеңейту, Қарағанды қаласының нышандарына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру. Шара барысында Қарағанды қаласының ескерткіштері мен көрікті жерлерінен жүргізілген репортаж арқылы оқушылар қаламыздың сәнін келтіретін архитектуралық ескерткіштермен, монументтермен және заманауи ғимараттармен жақын танысты. Оқушылар қала туралы өлеңдер оқыды. Шараға «Сарыарқа кітапханасы» топтамасынан дайындалған көрме-инсталляция мен «Гүлдене бер, іңжу–маржан  Қарағанды» атты кітап көрме сіне шолу жасалды, «Шахтер даңқы» монументінің макетімен таныстырылды, сондай-ақ, «Менің сүйікті қалам – Қарағанды», «Қарағанды кеншілері» слайдтары көрсетілді.  Қорытындысында оқушылар «Манекен челлендж» интернет-флешмобына қатысты.

1ю2



Яндекс.Метрика




 7 ақпан күні №6 кітапхана-филиалының оқу залында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушылары үшін ақын, публицист, тіл зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына  145 жыл толуына орай «А.Байтұрсынов-қазақ халқының рухани ағартушысы» атты әдеби кеш өткізілді. Шараның мақсаты:  балаларды ақын, публицист, тіл зерттеуші ғалым, әдебиеттанушы,  Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту, адамгершілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың «Досыма хат», «Жұртыма», «Анама хат» өлеңдері оқыды, И.Қрыловтан аударған «Маса» және «Қырық мысал» жинақтарынан үзінділер оқыды. Қорытындысында кітапханашы Алгожина Г.Ш.  провела обзор литературы по книжной выставке «Алаштың күрескер ұлы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

SAM 0959 minSAM 1013 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика