Орталықтандырылған кітапханасының жүйесінің тарихы  «Қарағанды қаласының Сталин аудандық қалалық кітапханасынан» басталады. Бұны 1938 жылғы, тіркеу нөмірі (инвентарлық) 33,бастапқы бетінде мөр басылған Үлкен Кеңес Энциклопедиясы Т.36 растайды.

история

Кітапхана – қала орталығы, саябақпен көмкерілген Қазақ драма театрының ғимаратында орналасқан. Ол кезде қалада бар жоғы 4 кәсіподақ 16 кітапхана жұмыс жасайтын (Қазақстандағы кітапхана ісі 29 бет).

1945 жылдың  24 тамызында Қазақ КСРО ның  Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімімен  қалалық атқару комитетінде мәдени-ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылды. Осыған байланысты кітапханалар қалалық атқару комитетіндегі мәдени-ағарту бөліміне тапсырылды. М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада  сол кездегі кітаптардың бастапқы беттерінде «г. Караганда. Городская библиотека № 1» деген мөр таңба сақталып қалған. (К.А.Тимирязев Өсімдіктер өмірі. 1949 жыл)

история 2

1950 жылдары  бұл кітапхана қорында шамамен 18 мың дана кітап болатын. 1960 жылдардың ортасында  кітапхана №19 басты қалалық кітапханаға айналып, 1977 жылдары Орталық қалалық кітапхана болды. Кітапхана Нүркен Әбдіров даңғылы, №12 үй мекенжайы бойынша орналасқан.  1978 жылы Орталық қалалық кітапхана 1800 ш.м. құрайтын жаңа ғимарат алды, және сол жылы (қарағандылық жазушы Ж.К. Бектұровтың ұсынысы бойынша) кітапханаға ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың есімі берілді. 1977  жылғы дейін Қарағанды қаласында 30 жаппай қалалық кітапхана, 1 жасөспірімдер кітапханасы  және 15 балаларға қызмет көрсету кітапханасы ашылды.

Қазіргі таңда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамына: 5 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалы, 2 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапханасы, 13 кітапхана-филиалдары, сонымен қатар М.О.Әуезов атындағы қалалық кітапхана кіреді.

Бүгінде М.О.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі – басшылық ұйымдастыру мен әдістемелік көмек көрсете алатын, білікті, мобильді қызметі бар қаладағы ірі кітапхананың бірі.

Орталықтандырылған кітапхананың қоры 592900 бірлікті қамтиды, оның – 151678 қазақ тілінде, мерзімдік басылымдар 119926 дана, СD-1075.

Кітапханада 1917 жылғы сирек кездесетін азын-аулақ кітап қоры да бар, оның ішінде Н.В.Куприннің, А.П.Чеховтың шығармаларының өмірлік басылымдары да бар.  

ОКЖ басты қазынаны сақтайтын қойма ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық өнімдердің барлық түрімен қолданушыларына қызмет көрсете алатын, шынайы ақпарат орталығы. Қазіргі уақытта, орталық кітапхана жүйесіне автоматтандыру элементтері кіргізілуде.

Кітапханада негізгі кітапханалық үрдісте автоматтандырылып, электронды дерекқорлар базасын жасап, сандық мерзімдік басылымдар негізінде кітапханалар құрылып, жаңа технологиялар белсенді енгізілуде.

Кітапхана жаңа технологияларды және инновациялық әдістерді өз жұмыстарына енгізіп, үнемі қызмет көрсетудің жаңа нысандарын іздену үстінде жүреді. ОКЖ инновациялық форма: флешмоб, флешбуктар, квест-ойындар, буккросингтар, сторисектар т.б. өз жұмыстарында үнемі қолданылады.

Электронды каталогтар мен электрондық картотекалардың арқасында, кітапхана оқырмандары санаулы минутта-ак керек кітап туралы қажетті ақпаратты тауып, тақырыпқа сай кітап таңдай алады.

М.О.Әуезов атындағы  орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Заң - Закон» анықтамалық-іздестіру жүйесі бар.

ОКЖ заманауи компьютері, интернетке қолжетімділік, сонымен қатар өз сайты бар.

М.О.Әуезов атындағы оқу залы бейне және аудио материалдарды көріп-тыңдау үшін 10 мультимедиялық жеке кабинеттермен жабдықталған.

Әр жыл сайын кітапхана40000 мыңнан аса қолданушыларға қызмет көрсетіп, 995000 мың дана кітапты қолға береді. Кітапхананы әр түрлі мамандық иелері: қызметкерлер, ғылыми адамдар, студенттер мен оқушылар, зейнеткерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер, уақытша жұмыссыз жүргендер де қолданылады.

Кітапхана білімнің, рухани және интеллектуалды қарым-қатынас пен мәдениеттің таратылу орталығы болып табылады.

Яндекс.Метрика