2026 жылға атаулы күндер
күнтізбесі
Сіздердің назарларыңызға 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасының атаулы және мерейтойлық күндер күнтізбесін ұсынамыз. Күнтізбе кітапханашыларға, мұғалімдерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ кең оқырмандар қауымына арналған.
Оқу құралы келесі бөлімдерден тұрады:
* Қазақстан Республикасындағы мерекелік (демалыс) күндер;
* Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер;
* Халықаралық мерекелер;
* 2026 жылға арналған атаулы және мерейтойлық күндер күнтізбесі;
* Күні мен айы белгіленбеген атаулы күндер;
* Қарағанды облысының 2026 жылға арналған атаулы және мерейтойлық күндерінің күнтізбесі;
* Қазақстандық жазушылар мен ақындардың мерейтойлық кітаптар.




