«Қарағанда қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

№12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалы

Кітапхана 1954 жылдан бастап жұмыс жасайды

Меке-жайы: Октябрь ауданы, Магнитогроская көшесі,14

электронды почта (e-mail) – This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., телефон  8-(7212)-37-97-00

https://vk.com/id339128401


Қарағанды қаласының  ОКЖ КММ – нің №12 балалар кітапханасы - қаламыздағы ең көне кітапханалардың бірі, ондағы ұжым «Кітап арқылы - жақсылыққа !» - атты ұран бойынша  жұмыс жасайды. Кітапхананың  кітап қоры  01.01.2020ж.  39290  данаға жуық. Кітапханада шағын, оқырмандарға ыңғайлы 20 отыратын орны бар оқу залы жұмыс жасайды. Оқырмандарға 4 кітапханашы қызмет көрсетеді (олардың екеуі  арнаулы жоғары  білімді).

DSC 2422  

Кітапхана қызметінің басты бағыты  кітаптар мен оны оқуды бұқара арасында  жымысы және оның таралуы болып табылады. Осы міндетті іске асыру мақсатында кітапхана ұжымы экскурциялар,  ашық есік күндерін, әртүрлі іс-шараларын кітапханада және кітапханадан  тыс өткізіп отырамыз.

            2019 жылдың желтоқсан айында кітапхананың оқу залында «DAMY KEŃISTIGI»   коворкинг орталығы ашылды. Мұнда балалардың бос уақытын пайдалы да тиімді өткізу, түрлі үстел ойындары, қолөнер шеберлік сағаттары, шығармашылық жұмыстармен айналысу т.б. қызмет түрлері көрсетіледі.

              Кітапхана Октябрь ауданында орналасқан. Біздің кітапханаға №6 арнайы мектеп интернат, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар интернаты, Крупская атындағы балалар үйі  жақынырақ  болғандықтан оқырмандарымыздың  ішінде қиын, тұрмысы нашар жанұя  балалары бар; біз бұл балаларға ерекше ықыласпен қарап, қызмет көрсетеміз.

2011 жылдан бастап біздің  кітапхана  «БҮКІЛ ӘЛЕМ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ БОЛСА...» атты кешенді-мақсатты бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс атқаруда.

Мақсаты: Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқуға тарту, әлеуметтік бейімделуге көмектесу. /сөйлеу, өзін ұстау, айналасындағылармен араласу, адамгершілік сезімін тәрбиелеу, құқықтық, ақпараттық  білімдер беру./

№12  балаларға қызмет көрсететін  филиал  төмендегідей  балалар мекемелерімен жұмыс атқарады:

«Ерекше бала» тобы

  1.  №6 мүмкіндіктері шектеулі балалар мектеп интернаты
  2.  арнайы мектеп интернаты /келісім шарт бойынша жұмыс жасалады/
  3.  балалар үйі

           Мектептер:

  1. №53 ЖББМЛ
  2. №13 ОМ /келісім шарт бойынша жұмыс жасалады/
  3. №95 М Г
  4. №73 ЖББОМ
  5. №82ЖББОМ

Балалар-жасөспірімдер клубтары:

  1. «Арман»
  2. «Мұрат» 
  3. Қарағанды қаласы Октябрь аудандық әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі

Осындай технологияны дамып жетілген уақытында  біздің кітапхана қызметкерлеріде  балалардың дұрыс деңгейде білім алып, өздеріне керекті ақпараттарды өз дәрежесінде жеткізуге үнемі ат салысып отырады. Сонымен қатар кітапханада атқарылған барлық іс-шаралар республикалық және обылыстық деңгейдегі ақпараттық басылымдарға «Дружные ребята», «Алтын Арай», «Үшқоңыр» газеттеріне шығып отырады. Сол сияқты заман талабына сай «ВКонтакте» , Инстаграм парақшаларындада күн сайын жаңалықтармен бөлісіп керекті мағлұматтарды жариялап отырады.

Кітапхананың  және кітапханашылардың басты мақсаты жас ұрпаққа әлемдік отандық мәдени мұрамызды дәріптеуге үйрету. Келер ұрпақты салмақты салауатты, көзі ашық көкірегі ояу алдына қойған мақсаты айқын етіп тәрбиелеу.

 

1

 Қазақ әдебиетін оқуға тарту, жазушы Адибай Табылдиевтің өмірі мен шығармашылығымен танысу мақсатында осы талантты қазақ жазушысы, педагогика ғылымдарының докторы, "ХХ ғасырдың Ыбырайы"лақап атымен аталған педагогика мен балалар поэзиясының еңбек сіңірген қайраткері туған күнінің 100 жылдығына арналған әдеби танысу өткізілді

2026 01 29 155327

Біздің кітапханада цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған "цифрлық эволюция" интерактивті ойыны өтті.
Қатысушылар алғашқы гаджеттерден бастап цифрлық ортаның болашағы туралы батыл болжамдарға дейін технология әлемі арқылы қызықты саяхатқа шықты. Ойын барысында балалар техниканың даму тарихы туралы сұрақтарға жауап берді, таныс құрылғыларды еске түсірді, жасанды интеллект мүмкіндіктері және технологиялар біздің күнделікті өмірімізге қалай әсер ететіні туралы талқылады.
Ойын динамикалық форматта өтті, жанды қызығушылық тудырды және цифрлық болашақ тақырыбы қазіргі оқушыларға жақын және түсінікті екенін көрсетті. Мұндай іс-шаралар көкжиекті кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау мен инновацияға деген қызығушылықты дамытуға көмектеседі.
📚 Кітапхана білім технологиямен кездесетін кеңістік болып қала береді.

2026 01 29 155622    2026 01 29 155733    2026 01 29 155743

Яндекс.Метрика