18 қаңтар күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының кітапханашылары №18 ЖББОМ 8  сынып оқушыларымен Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   Қазақстан  халқына  Жолдауын  түсіндіру бойынша  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: Оқушыларға жалпы Стратегиялық жолдау жөнінде түсінік беру, Президент Жолдауының идеяларымен және міндеттерімен таныстыру, Елбасының саясатына ақпараттық қолдау көрсету, насихаттау. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Шара барысында Жалпы Стратегиялық Жолдау ұғымына және оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, түсінік берілді. Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы әлемдегі  ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Жолдаудың мазмұны қазақстандықтар мүддесіне толық жауап бере алатын факторларды нақтылап өткен. Өнеркәсіп, аграрлық сала, білім мен денсаулық және мемлекеттік басқаруға жүктелген міндеттердің барлығында цифрландыру бағытын, заманауи технологияларды енгізу анық көрсетілген. Дөнгелек үстел барысында оқушылар  Жолдаудың міндеттерінде Қазақстан  халқына  жақсы  жағдай  жасаудың жолдары көзделгені туралы ойларын ортаға салды. Мектептің  оқу  ісі меңгерушісі  Ербол Амангелдіұлы оныншы міндет - «Ақылды қалалар» бағытына тоқталып өтті және Елбасының мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы айтқан сөзі оқушылар мен ұстаздардың көңілінен шыққанын атап өтті. Мектеп кітапханашысы жетінші міндет -  «Адами капиталдың   жаңғыру негізі» бағытында сөйлеп,  Елбасының халыққа Жолдауы біздің болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің   нақты бағдарламасы тәрізді, біздер ел ертеңіне сене отырып, Елбасының  әр бастамасына қолдау танытамыз» деген сенімдерін білдірді.

 Фил 2юн Жолдау minФил 2юн Жолдау 1 minФил 2юн Жолдау 2 min

 

Яндекс.Метрика

№16 кітапхана-филиалының әдеби қонақжайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылау мақсатында «Әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне кіреді» атты өзекті диалог өтті. Шараның мақсаты: кітапхананың оқырмандарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қазіргі Қазақстанның одан әрі дамуы туралы міндеттер арқылы берілген нақты нұсқаулармен таныстыру.

Кітапхананың оқырмандары үшін ҚММ орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 16 филиалында нақты

Іс-шараның басында Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елдің дамуына арналған өзінің кезекті Жолдауы жарияланған бейнеролик көрсетілді. Жүргізушілер таяу болашақта іске асырылуы тиіс 10 негізгі міндеттің қысқаша сипаттамасын атап өтті:

- Қазақстан өнеркәсібі: жаңа технологиялар енгізудің флагманы, ресурстық әлеуетті пайдалану тиімділігі, ақылды технологияларды дамыту және т.б. Адам капиталы, денсаулық сақтауды, білім беруді, зейнетақыны дамытуға көп көңіл бөлінді. Іс-шара барысында «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім» тақырыбында әзірленген көрмедегі Қазақстанның тарихы, мәдениеті, саясаты туралы кітаптар мен мерзімдік басылымдарға шолу жасалды. Шара қорытындысында ұйымдастырылған пікірталас кезінде оқырмандар аталған мәселелерді бірлікпен, айқын, нақты мақсаттармен шешетінімізді дәлелдеді.

16 17.01 min16 . 17.01.2018 min17.01 min

 

 

№4 кітапхана-филиалы және №12 ЖББОМ 9 сынып оқушыларымен бірігіп, Ұлы би Төле би Әлібекұлының туғанына 350 –жыл  толуына  орай «Мәңгілік ел болу»  атты портреттік кеш  өткізді. Мақсаты: Төле бидің саясаткерлігі мен елі үшін атқарған іргелі істерін, насихаттау және оның бейнесін жас ұрпаққа шынайы сіңіру. Төле би тағылымы жайлы, өткен ғасырларда елі үшін атқарған өнегелі істері мен сіңірген еңбегін, қарапайым халыққа жасаған әділеттілігі, шешендік сөздері туралы кеңінен баяндалды. Қатысушылар Төле  бидің  шешендік  сөздері мен толғауларынан  үзінділер   оқыды. Оқушылар «Төле би – қазақтың данагөй абызы» атты слайдты  тамашалады.

IMG 20180109 WA0020 min

Яндекс.Метрика




9 қаңтар күні №4 кітапхана-филиалында №13 ОМ-тің 3сынып оқушыларымен оқу залында қазақ балалар ақыны Е.Өтетлеуовтың 80-жылдығына орай « Өсіп келе жатырмыз» атты әдеби ойын өткізілді.

Мақсаты:балаларды ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстыру,оқуа тарту, бос уақытын тиімді өткізу. Кітапханашы балаларды ақынның шығармашылығымен таныстырды. Шара кезінде балалар әртүрлі ойындар ойнап, автордың өлеңдерін оқып, жұмбақтарына жауап берді.

SAM 9050 minSAM 7726 min



Яндекс.Метрика




№4 кітапхана-филиалы қазақтың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «А.Байтұрсынов: ақыл-ойдың данасы» атты тарихи ақпараттық кеш өткізді. Шараға №12 ОМ оқушылары қатысты. Мақсаты: қазақтандық патриотизмді, өз Отаны мен туған халқы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қызмет жолымен таныстыру. Шара барысында А.Байтұрсыновтың тарихи мұрасы жөнінде, оның адал қызметі мен билік алдындағы халық мүддесі үшін жасаған батыл әрекеттері жайлы әңгімеленді. Осындай ұлы тұлғаның бейнесі жастарға өнеге етуге, азаматтыққа тәрбиелеуге әсері мол, оның шығармашылық мұрасы өзектілігін жойған емес. Кеш қорытындысында кітапханашылар суретті кітап көрмесіне шолу жүргізіп, А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен қызметіне арналған әдебиеттермен және тарихи құжаттармен таныстырды. 

байт minбайтур min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика