№ 1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 29 жылдығына орай Қарағанды индустриалдық-технологиялық колледжінің кітапханашысы Т.Т. Идрисовамен бірлесе отырып, колледж студенттері үшін «Ант қабылдап, бұйрықты орындадық» атты кездесу кешін өткізді. Шараға Октябрь аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қасенов Қожахмет Сағындықұлы қатысты. Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан қарағандылық интернационалист-жауынгерлер туралы әңгімелеу,қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Шара барысында қатысушыларға 1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы соғыстың зардаптары мен 2 мыңға таяу қарағандылықтың қатысқаны жөнінде әңгімеленді. Ауған соғысының ардагері К.С. Касенов өзінің осы соғыстағы әскери өмір жолы туралы баяндады. Ол әскери ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталған. Шараға әзірленген «Ауғанстанның отына шарпылғандар 1979-1989» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
14 ақпан күні №15 кітапхана-филиалында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша саяси олимп шарасы өтті. Шара барысында кітапханашылар стратегиялық құжаттың тарихи маңызы және Президент халыққа жүктеген негізгі он міндетке, оларды жүзеге асыру ережелері мен жолдарына тереңірек тоқталып, кеңінен ақпарат берді. №41 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жарылкапова Марина Жолдаудың ерекше тұстарына талдау жасады, Жолдауда айтылған міндеттердің басым бөлігі қарапайым халықтың өмірін жақсартуға, яғни әлеуметтік жағдайларға бағытталғаны жөнінде айтып өтті. ҚЭУ студенті Артығали Ескеназ «Жолдауды оқи отырып, Қазақстанды болашақта әлемдік деңгейде алдыңғы қатардан орын алатын, жедел дамыған мемлекет ретінде көремін» деген пікір білдірді. Шараға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты слайд-презентация көрсетілді. Шара соңында кітапхана меңгерушісі Рамбекова Г.С. Президент Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен және осы кітап жайлы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрген мақалалармен таныстырды. Шараға оқырмандар мен ҚарМУ студенттері қатысты.
>
14 ақпан күні №16 кітапхана-филиалының оқу залында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай № 51 ОМ 9 сынып оқушылары үшін «Ауған – отты жылдар естелігі» атты әскери-патриоттық альманах өтті. Шараның мақсаты: Отан үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және Ауғанстанда соғысқан жауынгерлердің ерлігі туралы ой-өрістерін кеңейту, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында оқушыларға Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіру себептері туралы, соғыс барысы туралы әңгімеленді. Балаларға «Ауған соғысы», «Ауғанстан біздің жүрегімізде» тақырыптарындағы әскери іс-қимылдардың бірегей хроникалық түсірілімдері көрсетілді. Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің хаттарынан үзінділер оқылды, «Отан күзетінде» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне шолу жасалды. Шараға 25 адам қатысты.
> > >
14 ақпанда №4 кітапхана-филиалының қызметкерлері Қарағанды теміржол колледжінде Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығару күніне орай «Ауған соғысының жаңғырығы» атты құрмет кеші өтті. Мақсаты: жауынгер-интернационалистердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Кешке жауынгер-интернационалистер, №137 ЖББОМ оқушылары, Қарағанды теміржол колледжінің студенттері және Ауған жауынгерлерінің отбасылары қатысты. Құрметті қонақтар: Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамының төрағасы Агабабов В., және Жауынгерлердің аналар кеңес одағының төрағасы Фатеева М.Д., Алмусин Я. Т. Барлық жауынгер-интернационалистерге құрмет білдіре отырып, жүргізушілер көрермендерді мерекемен - Әскердің Ауғанстаннан шығарылған күнімен құттықтап өтті. 1989 жылдың 15 ақпанында соғыс аяқталды. Биыл Кеңес әскерінің Ауғаннан шығарылған күніне 29 жыл толып отыр. Кештің құрметті қонақтары жауынгер-қаһармандардың атына жүрекжарды ізгі, жылы лебіздерін арнады. Олар өзінің әскери, адами борышын үлкен абыроймен атқарып шыққан жауынгер-интернационалистердің ерлігін мадақтап, атап өтті. Біздің ҚР Президентінің ынтымақшылдық саясатымен біз басқа елдермен тату келісімдеміз. Бірақ соғыста қаза болған жерлестеріміздің атын ұмытуға құқығымыз жоқ. Олар ел алдындағы азаматтық борыштарын өтеді. Жүргізушілер ерлікпен қаза болған жауынгерлермен және де басқа аман есен оралғандардың ерлік істерін айта отырып, Отан қорғауды жаңа ұрпаққа үлгі тұтты. Мыңдаған Қазақстан жауынгерлері жоғары мемлекеттік марапатқа лайықты. Бұл ауған соғысы сабақ- бұл тарих, назар аударарлық жағдай. Қортындылай келе, Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық,ерліктері жастарға үлгі етейік деген пікірлер айтылды. Қатысушылар шараға арнайы әзірленген «Даңқ пен намыс ерлігі» атты кітап көрмесінің әдебиеттерімен, жерлестер туралы деректі материалдармен таныстырылды.
> > >
10 ақпан күні №4 кітапхана-филиалының кітапханашылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласы күніне орай теміржолшылардың мәдениет сарайының қызметкерлерімен және ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып, №22 мектеп-интернат оқушылары, аудан тұрғындары мен 31775 әскери бөлімінің сарбаздары үшін «Бұл қаланы сүйемін мен, ол менің асқақ әнім!» атты тақырыптық кеш өткізді. Шараның мақсаты: туған қаласы туралы өлкетану материалдарын насихаттау, кіші Отанының тарихына деген қызығушылықтары мен Қарағанды-сұрыптау станциясының дамуы үшін көп үлес қосқан құрметті жерлестері үшін мақтаныш сезімін ояту, Кешті жүргізушілер өзінің туған қаласына деген сүйіспеншілігін, қаланың дамуына үлесін қосқан адамдардың ерен ерлігі мен қажыр-қайратына тағзымын, шахтерлер қаласына деген мақтаныш сезімін жыр жолдары арқылы жеткізді. Кешке қаламыздың ардақты азаматтарын халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Nomad MMA «Легион» клубының мүшесі, 2017 жылғы әлем біріншілігінде әлем чемпионы атағын жеңіп алған Яхнова Вероника Сергеевна, қаланың спорт өміріне қосқан елеулі үлесі үшін әлем чемпионының жаттықтырушысы Ан Валентин Валентинович, еңбек ардагері, «Астана-бас қала» өлеңінің авторы Зекен Абишев, «Күй-керуен» шертпе күй орталығының жетекшісі Садуакасов Кайролла Даулетбекович, №85 ЖББОМ оқытушылары Кузнецова Галина Васильевна, Горбатенко Любовь Александровна, «Күй-керуен» шертпе күй орталығының мүшесі Калкен Касымов қатысты. Кештің құрметті қонағы еңбек ардагері, құрметті теміржолшы Погонин Виктор Павлович көз алдында өсіп келе жатқан қаланың кешесі мен бүгінін тілге тиек ете келе, қала тұрғындарына игі жақсы тілегін арнады. Кеш барысында қарағандылықтар мен кеш қонақтарының құрметіне ТМС әртістері – Ж.Жуканованың, Е.Калиевтің, К.Ивановтың, «Арғынғазы» домбырашылар ансамблінің, «Магистраль» ардагерлер хорының, «Терпсихора», «Экспромт», «Ревиваль» би ансамблінің орындауында әндер шырқалып, бишілердің өнер көрсетті. Вестибюльде қонақтарды аса бай мағлұматқа толы «Шын жүректен мақтан етеміз сені –шахтерлер қаласы Қарағанды» атты суретті – кітаптар көрмесімен таныстырылды. Кеш қорытындысында кешке шақырылған қонақтарды марапаттау рәсімі өтті.
> > > >>