9 ақпан күні №15 балалар кітапхана-филиалында №86 ЖББОМ 3-4 сынып оқушылары үшін қала күнін атап өтуге арналған «Мен Қарағандыда тұрамын, қаламды жақсы блемін» атты өлкетану саяхаты өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында туған қаласын сүюге, тануға деген қызығушылықты тәрбиелеу, туған өлкесінің бай мұрасын қорғау және патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында балаларға қала тарихы туралы әңгімеленді және «Қарағандының тарихы» атты бейнеролик көрсетіліп, виртуалды таныстырылым арқылы қаланың өткен тарихына саяхат жасалды. Өлкетану бойынша «Қала көшелерінің атауы – біздің тарихымыз» атты виртуалды викторина өткізілді, «Туған өлке-тұнған тарих» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
> > >
09 ақпан күні № 11балалар кітапхана-филиалы №83 ЖББОМ 6 сынып оқушылары үшін Қарағанды қаласы күніне орай «Кіші Отанымыз үнемі шақырып тұрады» атты өлкетанушының әдеби салонын өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларды Қарағанды қаласының қалыптасу тарихымен таныстыру, көрнекті жерлес тұлғалардың өнегесінде туған қаласына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу, туған өлке туралы кітаптарды насихаттау. Шара барысында оқушылар Қарағанды қаласының қалыптасу тарихымен таныстырылды. Қаланың дамуы, оны қалаушылардың тағдырларында, олардың еңбектегі және әскери ерліктері арқылы көрінетіні жөнінде түсіндірілді. Музыкалық сүйемелдеу арқылы қала көшелеріне қызықты саяхат жасау барысында қала көшелеріне аттары берілген А.Е.Букетов, Ф.Кривогузе, Н.Абдиров және т.б. әйгілі адамдар жайлы ақпарат берілді. Оқушылар орыс тілінде М.Бродскийдің «Новый город», А.Салеховтың «Город шахтерской славы», Л.Лунинаның «Баллада о городе» өлеңдерін оқыды. «Біздің қаланың ескерткіштері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және балалар «Қаламыздың ескерткіштері» тақырыбында өткізілген викторинада өз білімдерін көрсетті. Шараға 25 адам қатысты.
> > >
Қала күні - бұл қарағандылықтар үшін ерекше күн. Бұл күнге арнап №14 кітапхана-филиалында «Менің қалам – қара шаңырағымның жүрегі» атты өлкетану саяхаты өтті. Мақсаты: оқырмандардың өлкетану бойынша білімдерін кеңейту, қаланың өткен тарихымен таныстыру, туған өлке мен туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өлкетану әдебиеттерін насихаттау. Шараға№81 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында қаланың шағын поселкеден қазіргі кезге дейінгі даму тарихы туралы ақпарат берілді. Қала өмірінен ақ-қара және түрлі-түсті суреттерден әзірленген слайд-таныстырылым көрсетілді. Сонымен қатар туған өлке туралы В.Могильницкийдің, Э.Белицкой-Пичугинаның, З.Чумакованың өлеңдері оқылды. Қорытындысында «Сенің және менің қалам» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
> > >
09 ақпан күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана филиалында Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Өмір.Тағдыр.Қоғам» атты кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты: 1979-1989 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық парызын өтеген сарбаздар мен офицерлердің үлгі-өнегесі арқылы оқушылардың бойында патриоттық пен еліміздің өткен тарихын құрметтеу сезімін қалыптастыру. Шараға №18 ЖББОМ 9-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Г.Жетписбаева оқырмандарды Ауғанстандағы соғыста бастан кешкен оқиғаларын, жауынгер-интернационалистердің ерлігі, бостандық үшін сыннан өткен кезеңдері туралы әңгімеледі. Кеш барысында Ауған соғысының ардагерлері Ақпаров Амангелді Тұрсынұлы мен Садыков Нұрлан Аманжолұлы қатысып, Ауғанстан соғысында жүздеген жас сарбаздар мен офицерлердің қаза тапқанын үлкен толғаныспен әңгімелеп, интернационалист-жауынгерлердің ерлігін ерекше атап өтті. Ардагерлердің құрметіне «Вдохновение» еңбек ардагерлері хорының орындауында патриоттық әндер шырқалды. Шара соңында «Уақыт оларды таңдады» атты кітап көрмесінің әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.
> >
13 ақпанда №8 кітапхана-филиалының оқу залында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл, қазақ әскерлері тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 17 жыл толған айтулы күндерді атап өтуге арналған «Жастығын жалын шарпыған» атты имидж-коктейль (кездесу кеші) өтті. Шараға №58 орта мектебінің 7 «б» кадет сынып оқушылары және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Байпақпаев Ә. М. қатысты. Мақсаты: оқушыларға ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет беру, оқушыларды ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Кешке арнайы қаламыздың тұрғыны, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Аяғанов Нұрболат Жолболдыұлы,Талғат Құсайынұлы Қабжанов, Айдос Сейфуллаұлы Мусалиманов шақырылды. Кеш барысында оқушылар ардагерлергеге сауалдар қойып, ардагерлердің өмірінен шынайы оқиғаларды қызыға тыңдады және патриоттық тақырыпта өлең жолдарын оқыды. Шара соңында «Ерлер – халық есінде» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 21 адам қатысты.
> > >