19  қаңтар  күні  №27 кітапхана-филиалында № 21 ОМ 8 сынып оқушылары үшін  қазақ ағартушысы А.Байтұрсыновтың 145-жылдығына арналған «Ақыл-ойдың данасы»  атты әдеби-көркем композиция  өткізілді. Мақсаты: ақын, ғалым,   ағартушы А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен  және қызмет жолымен таныстыру, оқушылардың бойында адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.  

Шара барысында қазақ зиялы қауымының өкілі, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың қиындыққа толы өмірі мен қызметі туралы кеңінен әңгімеленді. 

27271

 

Яндекс.Метрика

18 қаңтар күні  №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету  кітапхана- филиалында «Сыбайлас жемқорлық сенің өміріңе балта шабады» атты  тэйбл-talk өткізілді. Іс-шараның мақсаты:  “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Шараға  ЖББ №53 орта мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары және тарих пәні мұғалімі Л.Ж.Шонанова қатысты. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық базасы мен іс—қимылдар жүйесі туралы сұрақтарды талқылады.   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тоғызыншы  міндеті - «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы» айтқан пікірлерімен таныстырылды

qiCO47qJydk min

Яндекс.Метрика

17 қаңтар күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында Құрманғазы Сағырбайұлының  туғанына 195 жыл толуына орай «Күй  тәңірдің  күбірі» музыкалық   сағат  өткізілді. Мақсаты: Ұлы күйшінің өмірбаянымен және күйлерінің шығу тарихымен таныстыру,  күйлерді тыңдату арқылы балалардың күй өнерін түсінуін, қызығушылығын арттыру.  Кешке №30 ЖББОМ 3 сынып  оқушылары қатысты. Музыкалық шара «Балбырауын»  күйімен ашылып, Құрманғазы Сағырбайұлының  өмірбаянымен таныстырылды. Жетписбаев Адай,Саркисова Аделя, Жаксыбаева Әлия, Қазбек Айдын атты оқушылар  күйшінің  «Адай», «Кісен ашқан», «Аман бол шешем, аман бол», т.б. күйлерін  орындады. Кештің қорытындысында қазақтың ежелгі музыкалық өнері туралы әдеби викторина өткізілді.

ФилҰ2юн Курмангазы 1 min2ю

Яндекс.Метрика

17  қаңтар  күні № 27 кітапхана-филиалының оқу залында оқырман назарына  «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»  атты ақпарат-дайджест  өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға «сыбайлас жемқорлық» деген сөздің мағынасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерімен таныстыру. Шара барысында оқырмандарға «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мағынасы, себептері және зардаптары жөнінде түсінік берілді. Қатысушылар халықтың көмегімен сыбайлас жемқорлықты  жеңуге үлкен мүмкіндік бар екенін, қоғам болып бірге күресу қажеттігін талқылап, пікір алмасты.

DSCN7535 minDSCN7541 min

Яндекс.Метрика




19 қаңтар күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада  Қазақстан Республика-сының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға «6505» әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Іс шараның мақсаты: ҚР Президенті Жолдауының маңыздылығы мен халыққа жүктелген он міндеттің мәнін түсіндіру, Отанды сүюге, өз Отанының тағдырына, оның өткені, бүгіні және болашағына  бей-жай қарамау сияқты адамгершілік құндылықты түсінуге тәрбиелеу. Елбасының 2018 жылға жариялаған Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі даму шараларының нақты бағдарламасы ретінде белгіленіп берілген он міндетімен және  Қазақстанның саяси сарапшыларының ойларымен таныстырылды. Әңгіме барысында «Жолдау және жастар» тақырыбына баса назар аударылды. Жастарға «Бұл Жолдаудан қандай жаңашылдық пен маңызды міндеттерді талдап айта аласыздар? ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда жастардың рөлі қандай?»  деген сұрақтарды талдау ұсынылып, пікірталас жүргізілді.

Жолдаудың басымдықтарымен слайд-презентация арқылы таныстырылды және «Төртінші    өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

DSC 0049 minDSC 0184 minDSC 0189 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика