№7 кітапхана-филиалы «Қарағанды қ. ОКЖ» КММ
№7 кітапхана 1955 жылы ашылды.
1977 жылы орталықтандыру барысында № 7 кітапхана-филиалы болып өзгертілді.
Мекен-Жайы: Степная көш. 62
Телефон: 44 – 52 – 36
Эл. мекен-жайы: filial7_brg @mail.ru
Кітапхана қоры: 17894 дана
Қордың негізгі мазмұны:
анықтамалық,
салалық,
көркем,
оқу әдебиеті,
журналдар,
газеттер.
Кітапхана жаппай пайдаланушыға қызмет етеді.
Кітапхана құрылымы:
Оқу залының қорында мерзімді басылымдар, энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер бар. Білімнің әртүрлі салалары бойынша заманауи, өзекті ақпаратты ұсынады. Сұраныс тақырыбы бойынша әдебиеттерді таңдауда кәсіби көмек көрсетеді. Тақырыптық, мекенжайлық және фактографиялық анықтамалар орындалады. Интернетке кіру үшін автоматтандырылған жұмыс орны жабдықталған.
Абонемент пайдаланушыларға ашық қолжетімділікте әртүрлі әдебиеттерді таңдау мүмкіндігін береді, жабық абонемент қорынан үйге кітаптар беруге болады. Пайдаланушылардың назарына тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттерді қарау. Картотекалар мен каталогтар жүргізілуде.
Іздеу жүйесі:
Алфавиттік, жүйелі және электронды каталогтар.
Бос уақытты ұйымдастыру:
Әр түрлі тақырыптағы мәдени іс-шаралар.

Бүгін Қарағанды қ. “ОКЖ” КММ N7 кітапхана - филиалында, С.Сейфулин атындағы N92 гимназия оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Айгүл Болатқызымен бірігіп, С.Мұратбековтың "Жабайы алма" повесіне талқылау өтті.
Әңгіме барысында, оқушылар повесь туралы, өз пікірлерімен бөлісіп, талқы қызу болды.
Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесі – соғыс кезіндегі ауыл өмірін, балалардың тап-таза сезімін және табиғаттың адам жанымен үйлесімін суреттейтін әсерлі шығарма. Жабайы алма бейнесі – балалық, мейірім және үміттің символы. Тілі жеңіл, көңілге жылы туынды.
Жабайы алма – балалықтың тазалығы мен жақсыға ұмтылудың символы.
Шығарма мектеп оқушыларының табиғатты аялауға, бір-біріне қамқор болуға, адамгершілікті бағалауға тәрбиелейді.

Латын әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақты беруге, жазуды жеңілдетуге және жастардың тілге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, ғылым мен білім, интернет пен ақпарат алмасу салаларында қазақ тілінің қолданысын кеңейтеді.





