1 ақпан күні №12 балаларға қызмет көрсететін кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы №2 облыстық туберкулезге қарсы  диспансерде «Президент жолдауы-ел игілігі» атты ақпараттық сағат яғни, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын түсіндіру,насихаттау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халқына жолдауын түсіндіру, талқылау; өз елінің патриотын тәрбиелеу. Шара модераторы кітапханашы Оразғалиева жолдаудың тарихи мәні мен мағынасын қысқаша түсіндіріп өтті. Жолдаудың басты міндеттердің бірі әлеуметтік салаға, медициналық көмекке арналған екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ цифрландыру, цифрлық технология енгізу, дамыған елдер қатарына кіру жайында да айтылатынын атап айтты. Шара барысында қатысушы медицина қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, алдағы уақытта елмүддесі үшін бірлесіп жұмыс атқаратындарын жеткізді.

SAM 7759 minSAM 7761 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика