"Қарағанды қаласының ОКЖ" КММ"
№27 кітапхана филиалы
№27 кітапхана-филиалы 1974 жылы құрылған және Қарағанды қ., Крылов к-сі, 4 А.үй мекенжайында орналасқан. Кітап қоры - 16719 дана. біздің филиалда оқырмандарға қызмет көрсету үшін: абонемент, 15 орындық оқу залы, интернет - пайдаланушыларға арналған үй-жай бар.
Кітапхана № 6, 21, 83 орта мектептермен және медицина колледжімен ынтымақтасады. Біз "өз құқықтарымызды білу" бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласының Михайловск полиция бөлімімен жұмыс істейміз.
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай " Рухы биік ердің жолы- Бауыржан тағылымы" атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараға Қарағанды медициналық колледжінің студенттері белсене қатысты.
Кездесу кешіне құрметті қонақтар шақырылды:
Камалиев Тілеубек Камалиұлы – Қазбек би атындағы аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Бимендин Өзібек Исатайұлы – Қарағанды қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Кадеков Мұрат Шолтақұлы – Қазбек би атындағы аудан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары;
Құлжанбеков Шұқыржан Елеубайұлы – Қарағанды қаласы Мәслихатының депутаты, запастағы капитан, «Күрең берет» иегері;
Аяғанов Алтай Бодейұлы – Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің тарих пәні мұғалімі.
Кездесу барысында Бауыржан Момышұлының ерлік жолы, отансүйгіштік рухы мен өнегелі өмірі жайлы тағылымды әңгімелер айтылып, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызы кеңінен сөз болды.

«Ел іргесі – Тәуелсіздік» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға Қарағанды медициналық колледжінен студенттер қатысты. Шараның құрметті қонағы – Достық үйінің ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу мен әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Елеукен Бахыт Баянқызы болды. Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

1




