«Қарағанда қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 

№5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана-филиалы

 Кітапхана өз жұмысын 1964 жылдан бастап атқарып келеді.

Мекен-жайы: Октябрь ауданы, Мануильский көшесі 21.

Кітапхана тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.

Кітапхана құрылымы:

  • Оқу залы
  • Абонемент
  • «DAMU KENISTIGI»

 Кітап қорының саны на 1.01.2020 г. – 23136 дананы құрайды.

 № 5 балалар кітапхана -филиалы көптеген жылдар бойы көптеген ұйымдар және мекемелермен жұмыс жасауда:

 Мектептер

  1. № 12 ЖББОМ
  2. № 46 ЖББОМ
  3. № 85 ЖББОМ
  4. № 137 ЖББОМ
  5. № 22 мектеп – интернаты

           - электронная почта (e-mail) – Filial5d@mail.ru,  телефон  8-(7212)-47 – 32 -51

           - Страница в Инстаграме: filial5det  

1

Тәуелсіздік күніне орай №5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалында " Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры " атты тарихи экскурс өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке дейінгі тарихи жолы мен 1991 жылы 16 желтоқсанында жарияланған тәуелсіздіктің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Желтоқсан оқиғасының ерлікке толы сәттері мен мемлекеттік рәміздердің қабылдануы , Астананың бой көтеруі , тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері туралы бейнематериалдар көрсетілді. " Менің елім Қазақстан " атты кітап көрмесіне шолу жасалып, "Тәуелсіздікті білеміз бе" атты викторина ұйымдастырылды.

2026 01 29 141744    2026 01 29 141800    2026 01 29 141814

 №5 балаларға қызмет көрсететін кітапхана филиалында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, публицист Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Азаттық аңсаған Алаш арысы» атты диспут өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстыру, Алаш идеясының мәнін ашу, ел тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың ерлігін дәріптеу, жастарды ұлтжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Диспут барысында қатысушылар:Міржақыптың өмірбаяны, ағартушылық еңбегі, «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» секілді маңызды шығармалары туралы деректермен танысты;
ХХ ғасыр басындағы ұлттық жаңғыру қозғалысының тарихи жағдайлары мен Алаш арыстарының қызметіне талдау жасады;
«Азаттық жолында Дулатовтың рөлі қандай?» «Оян, қазақ!» неге өз дәуірінің манифесті болды?» сияқты проблемалық сұрақтарды талқылады;Қосымша дайындалған сұрақ-карточкалар арқылы пікірталасқа белсенді қатысты.Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері «Алаш рухы – ұлттық рух» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқушыларды тұлғаның мұрасын тереңірек оқуға шақырды.Бұл диспут жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тәуелсіздік қадірін түсінуге бағытталды.

2026 01 29 135658    2026 01 29 135715     2026 01 29 135733    2026 01 29 135745

Яндекс.Метрика