30 қаңтар күні №6 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тақырыбы бойынша Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 2 курс студенттері үшін ойталқы-әңгіме өткізілді.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру, студенттердің саяси мәдениетін дамыту. Талқылау диалог түрінде өтті. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қандай негізгі бағыттар бекітілген? Президент Жолдауының қандай сөздерін қолдайсыздар? ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саласы үшін аса маңызды 10 міндеттен тұратын бағдарламалық құжат болып табылады. Шараға қатысушы тарих пәні мұғалімі Абдибекова Г.Б. жаңа саяси бағдар жастарға жаңа мүмкіндіктер беруге, яғни сапалы білім, еңбек, және жарқын болашақ болуы үшін жағдай жасауға бағытталғаны туралы айтып өтті. Бұл құжатты іске асыратын негізгі күш – жастар деп санаймын деген пікірін білдірді.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Омарова Т. Елбасымыздың Жолдауын телеарнадан тыңдап түсінгенін, мемлекет пен халқымыздың даму жолында, білім мен медицинаны жетілдіру үшін нақты мақсат-міндеттер жүктегенін қолдайтынын айтып, басқаларды да осындай мақсатқа үндеді. Болашақ дені сау ұрпақтың қолында, сондықтан бұл тарау «Ұлт саулығы – жетістікті болашақ негізі» деп аталады.