Ақпараттық-библиографиялық бөлім пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын қалыптастырады, мәліметтер базасын құрады және жүргізеді, библиографиялық құралдар дайындайды. Бөлім мақалалардың электрондық картотекасын құру бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда "Қарағанды. Қарағанды облысы", "Қарағанды – ғарыш айлағы", "Ауған 1978-1989жж." атты меншікті мәліметтер базалар құрылған.

Бөлім қоры анықтамалық әдебиеттермен ұсынылған: сөздіктер, анықтамалықтар.

Жыл сайын бөлім атаулы күндердің күнтізбелерін шығарумен айналысады: жалпы Қазақстан, өлкетану, шетел және балалар.

Бөлім мамандары "Кітаптар онлайн" кітапхана сайтында айдар жүргізеді, онда сайттың әрбір пайдаланушысы өлкетану бойынша цифрланған кітаптарды оқуға немесе жүктеуге мүмкіндік алады.

Сайтта виртуалды пайдаланушыларға "Виртуалды анықтама" бөлімінде сұрақ қою мүмкіндігі қарастырылған. Осы қызмет арқылы кітапхана пайдаланушысы үйден шықпай-ақ кітаптан немесе мерзімді басылымдардан цифрланған үзінді ала алады.

Өлкетану ақпаратын заманауи пайдаланушы ең алдымен оны жедел алуға мүдделі, сондықтан өлкетану материалдарын іздеу бөлім құрған "Қарағандының құрметті азаматтары", "Қарағанды көмір бассейні", "Қарағанды облысының қалалары", "Қарағанды – Шахтер астанасы", "БАҚ-тағы кітапхана" электронды өлкетану картотекасының арқасында тез жүзеге асырылады.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім "Қарағанды облысы кітапханаларының өлкетану құжаттары қорының сақталуы" өңірлік жобасы шеңберінде жұмыс істейді, оның шеңберінде өлкетану құжаттары мен сирек кітаптар қорынан құжаттарды цифрландыруды жүргізеді.

Бұдан басқа, кітап қорының электрондық каталогын толтыру және оның онлайн режимде қолжетімділігі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлім келесі қызмет түрлерін ұсынады:

1.         Баспа және электрондық көздерден ақпарат іздеуді жүзеге асырады

2.         Пайдаланушылардың сұраныстары бойынша анықтамаларды орындайды

3.         Курстық, дипломдық жұмыстарға библиографиялық және тақырыптық тізімдер жасайды.

Бөлімнің меңгерушісі - Қыстаубаева Алтын Серікболқызы

Бөлімнің жұмыс кестесі:
дүйсенбі — жұма 9.00-18.00
сенбі, жексенбі-демалыс
Байланыс ақпараты:
тел. (7212) 42-12-26
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика