23 ақпан күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлері «52859» әскери бөлім сарбаздарымен Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай «Сен және төтенше жағдай» ақпарат сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы түсінік беру, адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау мен төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұғындыру және қауіптілік жағдайларында өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру. Шара барысында кітапханашы Жетписбаева Г. сарбаздарды азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының тарихы туралы материалдардан жинақталған папкамен және адам өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кітап сөресімен таныстырды. Азаматтық қорғаныс саласында жұмыс істейтін адамдар туралы әңгімеленді.
>
23 ақпан күні М.О. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада қазақтың ақыны, тіл және әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: жас ұрпаққа А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қоғамдық және шығармашылық қызметін таныстыру, өз елін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, қазақ әдебиетін насихаттау. Дөңгелек үстелге инновациялық технологиялық колледжінің студенттері мен колледждің қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы А.Б. Рахимжанова және «№ 65 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Н .Өмірсерік қатысты. Кітапханашылар А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен қазақ халқына сіңірген еңбегі, «Алаш» партиясы құрамындағы қайраткерлік істері жөнінде мәліметтер берді. Шара барысында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері М.Н.Өмірсерік Ахмет Байтұрсыновтың қазақ қоғамын қалыптастырудағы рөлі туралы баяндама жасады және А.Б.Рахимжанова ақынның латын тіліне қатысты еңбегі туралы әңгімеледі. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға тіл мамандары жауаптар берді, тәжірибе бөлімінде латын графикасының жаңа үлгісі арқылы ақынның «Тарту» атты өлеңін латын қарпімен жазып көрсетті. Студенттер Ахмет Байтұрсыновқа арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Кеш соңында бейне ролик көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасады. Шараға 20 адам қатысты.
> >
21 ақпан күні №27 кітапхана-филиалының оқу залында көпшілік оқырмандар үшін «Салауатты өмір салты – адам көркі» атты диспут-әңгіме өтті. Мақсаты: кітапхана оқырмандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Шараға Қарағанды қалалық №1 емхананың маманы О.И. Ермакова шақырылды. Медицина маманы салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығы мен теріс әдеттерге үйір болудың соңы түрлі ауруларға әкеліп соғатыны жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ, кез келген аурудың алдын алу туралы мәлімет берді, тәжірибе жүзінде қан қысымын дұрыс өлшеу әдісін көрсетті. Оқырмандар өздерін қызықтыратын сауалдарға толық жауап алды. Қатысушылар Ольга Игнатьевнаға ризашылықтарын білдірді. Шараға 23 адам қатысты.
№ 8 кітапхана-филиалының қызметкерлері 21 ақпанда №74 ЖББОМ-тің акт залында «Латын әліпбиі - мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты дөңгелек үстел бағдарламасын өткізді. Шараның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарға бағыт-бағдар сілтеу, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы кеңінен мағлұмат беру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Шараны модераторлар мектеп директоры Нуртаева Н.К. мен қалалық білім бөлімінің әдліскері Жаркеева Г.Б. жүргізіп отырды. Шара барысында «Латын әліпбиіне көшуге дайынбыз ба?» атты бейнетүсірілім көрсетілді. Дөңгелек үстелдің «Таныс та, бейтаныс латын...» атты негізгі бөлімінде білім, ғылым, мәдениет қайраткері, тарихшы М. Баймұқанов «Латын қарпі – болашаққа қадам», «Латын графикасына көшудің маңыздылығы» атты мақалалармен таныстырып, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары әліпбидің алғашқы шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі заманда әліпбидің қолданылуы және қажеттілігі туралы өз пікірлерін айтып өтті. Қатысушылар латын әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстырылды. Кітапхана меңгерушісі «Әліпби – ұлт болашағының негізі» атты баяндамасында «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасының сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы жөнінде талдау жасады. Қорытынды бөлімде «Еркін микрофон» арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарына жауап берілді. Қатысқандар саны: 120 адам.
16 ақпанда №4 кітапхана-филиалының кітапханашылары Қарағанды Теміржол колледжінде студенттермен «Латын әліпбиі- қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты өзекті сұхбат өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің маңыздылығын көрсету, жас ұрпақтың бойында патриоттық пен адамгершілік құндылықтарды құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандарға латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазіргі кезеңдегі латын әліпбиінің қолданылуы және біздің елімізге қажеттілігі туралы әңгімеленді. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі коғам талабы, ағылшын тілін меңгерудің тиімді жолы және еліміздің дамыған демократиялық мемлекет болуға ұмтылуы екендігі жөнінде ақпарат берілді. Шараға «Байтұрсынов жазуы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
> >