15 ақпан күні №5 балалар кітапхана-филиалында  №85 ЖББОМ 8 сынып оқушылары үшін «Тарих беттерін парақтағанда» атты естелік кеші өтті. Мақсаты: оқушыларға Ауғанстан соғысының мәнін ұғындыру,  интернационализм және ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. Кешке Ауғанстан соғысынаың ардагерлері мен мүгедектері Одағының «Ардагер» Қоғамдық Бірлестігі төрағасының орынбасары Сахнов Сергей Александрович қатысты.   Шара барысында   Сахнов Сергей Александрович Ауғанстанда басынан өткізген оқиғалардың естеліктерін әңгімеледі.  Әңгіме кезінде бұл соғысты бастан кешірген әр адамның есінде өздері айта бермейтін ондаған тарих сақталып қалған, сол себепті өмір сүру, парыз, интернационалистік достық, отансүйгіштік сияқты ұлы құндылықтар жайлы пікірлерімен бөлісу үшін ардегрелермен кездесулер өткізу өте маңызды екенін атап көрсетті. Қатысушыларға «Ауғанстан әндерінің топтамасы» фильмінен үзінділер, «Ниточка», «Афганистан живет в моей душе» әндерінің бейнеролигі,  «Кара майор», «Отряд 177 из Капчагая до Кабула» фильмдерінен үзінділер көрсетілді. Шараға  «Ауғанстан: батылдық, бауырластық, ерлік» атты әдебиеттердің ашық көрмесі безендірілді.

5

16 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Жаңа кітап – жаңа әлем» тақырыбында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханаға түскен жаңа кітаптарды насихаттауға арналған Book Slam шарасы өтті. Шараның мақсаты: көпшілік оқырмандарға Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы ақпарат беру, оқырмандарды заманауи өзекті әдебиеттерді оқуға тарту, Президент Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханаға түскен жаңа кітаптармен таныстыру.

Book Slam шарасына велоспорт мектебі мен «Жалын» спорт мектебінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысты.

Кітапханашылар қатысушыларды Президент Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының мазмұнымен егжей-тегжейлі таныстырды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың публицистикалық жанрда жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында еліміздің жаңа тарихы мен болашағына қатысты автордың жеке көзқарасы сипатталады. Кітапханашы Л.Есенжолова кітапта жаңа Қазақстанның қалыптасу кезеңдеріне баса көңіл бөлінгенін, бұл кітаптың Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы онжылдықтарының тарихын білуге, түсінуге және еліміздің болашағы үшін мақтанышты сезінуге көмектесетінін атап өтті. Шараға қатысушылар кітапты талқылауға белсене қатысып, Президенттің жаңа кітабы Қазақстанның жаңа тарихы туралы бірегей кітап болып табылады деген пікірлерін білдірді.

Шараға «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кең көлемді кітап көрмесі безендірілді, осы тақырыпта слайд-презентация көрсетілді.

 

 DSC0679 min DSC0673 min DSC0665 min DSC0662 min DSC0653 min

 

№29 кітапхана-филиалында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Естеліктер ортамызда жүр» атты кеш өткізілді.  Шараның мақсаты: студент жастардың азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.  Шараға «Болашақ» колледжінің студенттері шақырылды. Кездесу ауған соғысында ерлікпен оралған және қасіретті соғыста мерт болған жерлестерімізді еске алу мақсатында ұйымдастырылды.    Кешке қатысушылар туған жеріне оралмаған жауынгер-интернационалистерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

29291

16 ақпан күні №1 балалар кітапхана-филиалында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талдау бойынша интер-медиа шарасы өтті. Мақсаты: оқырмандарды Елбасының жаңа стратегиялық құжатымен таныстыру, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының дамуы мен нығайуына қосқан зор үлесі туралы түсінік беру. Шараға Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ 1 курс студенттері шақырылды. Модератор ҚарМУ-дің оқытушысы Мусина Гульзира Исламовна Жолдаудың негізгі ережелері мен халыққа жүктелген он міндетін талдап түсіндірді. Ұзақмерзімдік мақсаттарға жетудің жолдары туралы әңгімеледі. Талқылау барысында қатысушылар мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру саласы және балаларды ерте дамытуға бағытталған бірыңғай стандартты бағдарламалардың енгізілуі жөніндегі мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, құрамына қажетті инфрақұрылымдар мен компьютерлер, лабораториялар, 3D принтерлер кіретін балалар технопарктері мен бизнес –инкубаторлар желісін құру міндеті талқыланды. Шара соңында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 

123

15 ақпан күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана-филиалының оқу залында «Естеліктер уақыттан да күшті» атты ерлік сабағы өтті.  Мақсаты: шараға қатысушылардың бойында азаматтық ұстанымды, жауынгер-интернационалист жерлестері  үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, өскелең ұрпақтың ұғымындағы  Отанды қорғау әр адамның ұлы міндеті деген түсінікті дамыту. Шара барысында  балаларға сол соғысқа қатысқан ерлердің жүрегінде өшпес із қалдырған естеліктер мен Ауған жерінде қаза болған жауынгерлерді мәңгі есте сақтау туралы әңгімеленді. Көп ұлтты Қазақстан халқы жыл сайын осы дәстүрді жалғастырып, Ауған соғысын еске алу күнін атап өтеді. Шараға № 8 ЖББОМ кітапханашысы мен 9 сынып оқушылары, барлығы 25 адам қатысты.  

22юю21

Яндекс.Метрика