30.01.2018 күні №14 филиал кітапханасында «Болашақ» колледжінің студенттері үшін ҚР Президентінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа жолдауында талқылау мақсатында «Цифрлық дәуір белгісімен» атты саясат сағаты өткізілді. Мақсаты: Студенттерді Елбасының биылғы стратегиялық Жолдауымен таныстыру, талдау. Н.Ә.Назарбаевтың елімізді нығайтуға қосқан зор үлесін дәріптеу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріне арналған басылымдарын насихаттау, Отанға деген сүйіспешіліктерін, саясатқа деген көз қарастарын дамыту. Шара барысында Жолдаудың негізгі бағыттары мен көпмерзімдік мақсаттарды іске асыру жолдары талқыланып, он міндетке тоқталып өтті. Бағдарламалық құжат туралы презентация слайд жинағы көрсетілді. Қорытындысында газет-журналдардағы Жолдауға қатысты мақалаларға шолу өткізілді.

20180130 151711Послание min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика