11 қазан күні  М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  жобасының  аясында  «Қарымды қаламгер»  клубының салтанатты ашылу кеші өтті. Кеш барысында Елбасымыздың 100 жаңа есім идеясы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам....» тақырыбымен жазушы  жерлесіміз  Сүйіндік  Жанысбаймен кездесу кеші ұйымдастырылып, жазушының    «Тұзақ» аударма кітабының тұсаукесері өткізілді. Мақсаты: оқырман жастарды жерлес жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен, жазушының өміріндегі қызықты  оқиғалармен таныстыру, жастарды жазушылыққа баулу.  Кешке Халықаралық дәрежедегі журналист, Облыс Әкімі сыйлығының бірнеше мәрте лауреаты Сағат Батырхан, облыстық Орталық Қазақстан газетінің бас редакторының бірінші орынбасары  Ерсін Мұсабек, ҚарМУ-нің профессоры, ағылшын тілінің оқытушысы Жаңбырбай Қағазбаев, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктердің әншілері, ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің студенттері қатысты. «Жаныңда жүр жақсы адам....» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

 

DSC 0145DSC 0159DSC 0195DSC 0265

ВИДЕОЛАРДЫ КӨРУ

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика