22 қараша күні №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының балалары үшін Я.С.Маршактың туғанына 130 жыл толуына орай «Есігімді қаққан кім?» атты әдеби ойын-сауық кеші өткізілді. Шараның мақсаты: балаларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, кітапхана терапиясының мүмкіндіктері мен қорын пайдалана отырып, кітап оқуға тарту. Жүргізуші Сарычева С. Самуил Яковлевич Маршактың өмірбаянымен таныстырып,  балалардың тек қана сауатты емес, сонымен бірге алғыр, зерек, байқағыш болғанын қалағанын, сондықтан жұмбақтардың пайдасы зор екеніне көңіл бөлгені жайлы ақпарат беріп өтті.  Шара барысында балалар «Маршак жұмбақтары» атты жұмбақ шешу сайысына, «Тордағы балалар» көңілді суреттер сайысына, «Тауып көр» атты викторинаға қызығушылықпен  қатысты. Маршактың  «Двенадцать месяцев», «Кошкин дом», «Сказка  о глупом мышонке», шығармалары бойынша фильмнен үзінділер мен мультфильдер көрсетілді.

SAM 7481 minSAM 7497 minSAM 7505 min

 

Яндекс.Метрика

   21 қараша күні №2 жасөспірімдер кітапхана-филиалында қазақ жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына-115 жыл толуына орай «Қаламгер және ғасыр» атты портреттік кеш өтті.  Мақсаты:  жазушы Ғ. Мұстафиннің  өмірі  мен  шығармашылығын  насихаттау, жазушыны жас ұрпаққа кеңінен таныту, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету арқылы білім-ғылымға тәрбиелеу. Кешке №18 ЖББОМ   7-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар жазушының  шығармашылығы мен  өмір  жолы туралы әдеби шолу жүргізді, «Дауылдан  кейін» романы қызу талқыланды.  Кешке авторлық кітап кітап көрмесі ұсынылды.

ФилҰ2юн Г.Мустафин min minФилҰ2юн Г.Мустафин 1 min min

Яндекс.Метрика

24 қараша күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада 1 желтоқсан Елбасы күніне арналған «Менің Тұңғыш Президентім» атты өнегелік әңгіме өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Шараға №41 орта мектептің 2 сынып оқушылары қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Ахметова Ш.А өткізді. Оқушылар алдымен елбасы туралы білетін ақпараттарымен бөлісіп, одан кейін олардың ақпараттарын толықтыру мақсатында елбасының өмірінен сыр шертілді. Оқушылар шара барысында елбасы туралы дайындап әкелген таппақтарын жатқа айтты. Сонымен қатар сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Бұл ойында оқушылар өздерінің белсенділіктерін танытып, мардымды жауаптарымен көрерменді марқайтты. Оқушылардың назарына «Қазақ елі» атты видеоролик ұсынылды. Шара соңында оқушылар кітапханамен танысып, саяхат жасады.

456

 

Яндекс.Метрика

21 қараша күні №5 кітапхана-филиалында «Қуқықты ....» атты құқықтық калейдоскоп өткізілді. Мақсаты: адамның негізгі құқықтары мен еркіндігі туралы ақпарат беру арқылы жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Шараға №46ЖББОМ 8 «а» сынып оқушылары қатысты.  Шара барысында оқушылар адам құқығы туралы халықаралық-құқықтық құжаттардың тарихымен және негізгі ережелерімен таныстырылды, адам құқығы бұзылған жағдайда оларды қорғау мәселесін қарастырды. Түсіндіру әңгімесі слайд – презентациямен сүйемелденіп отырды. Бала құқығы мен баланың құқығын туралы Конвенциямен таныстыру жағдаяттық ойындар, викториналар, кроссворд шешу арқылы жүргізілді.  Балалар талқылауға белсене қатысты. Шара соңында «менің құқығым» атты бейнеролик көрсетіліп, «Баланың отбасындағы және қоғамдағы құқығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және «Міндетсіз құқық жоқ» тақырыбында жаднамалар таратылды. 

v72O8SS hgY minyyQnoCJtQu4 min

 



Яндекс.Метрика




21 караша  күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада  Бүкіл әлемдік ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған "ЖҚТБ туралы: әр қадам сайын» атты түйткілді әңгіме сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: ЖҚТБ проблемасының маңыздылығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру, өз өмірі мен өзге адамдардың өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ЖҚТБ инфекциясының проблемасымен және оның алдын алу жолдарымен таныстырылды. Қазіргі уақытта бұл мәселе өзекті болып отырғандықтан медицина қызметкерлерімен қатар атқарушы органдар мен мемлекеттік ұйымдардың, жалпы халықтың көңіл бөлуі қажет екендігі жөнінде түсінік берілді. ЖҚТБ түйткілді мәселесінің алдын алу туралы бейнеролик көрсетілді және викторина өткізілді, «ЖҚТБ туралы: әр қадам сайын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

23

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика