28 қараша күні №12 балалар кітапхана-филиалында «Қарағанды облысы Октябрь аудандық үйде оқыту, әлеуметтік көмек көрсету» бөлімімен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты ғажайыптар алаңы ойыны өткізілді. Мақсаты: Тұңғыш президенттің өмірімен, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Елбасына деген құрмет пен мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.Шара барысында Президент туралы деректі фильм мен Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған»Менің қалам», «Менің Қазақстаным, «Сарыжайлау» әндерінің бейнеклиптері көрсетілді, «Біздің Президент» атты ашылмалы кітап көрмесіне шолу жүргізілді.
> > >
24қарашада «Асыл сөздің хас шебері – Ғабиден Мұстафин» атты VI дәстүрлі қалалық «Ғабиден Мұстафин оқулары» байқауында «Сарабдал қаламгер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткіздік.
Мақсаты: дәуірлі дүбір жаршысы, ұлы классик жазушымыз Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығын жас буын арасында дәріптеу, жазушы қаламынан туған шығармалардың ізімен жүру арқылы сол дәуір тынысын сезінуге жетелеу.
> > >
24 қарашада №6 кітапхана-филиалында Қарағанды медициналық колледжінің 3 курс студенттерімен жазушы Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына арналған «Дала классигі» атты әдеби қонақжай өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Ғ.Мұстафиннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру, оның шығармалары арқылы патриоттық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
> > >
28 қарашада №5 балалар кітапхана-филиалында №85 НОМ 4 сынып оқушылары үшін «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты!» атты портреттік кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының көшбасшысы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев туралы және тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы білімдерін тереңдету. Балалардың бойында Елбасына деген құрметті қалыптастыру, Тұңгыш Президент жайлы кітаптарды насихаттау. Шара барысында «Қазақстан Елінің Алғашқы Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды, «ҚР Әнұраны», «Президенттің бір күні» атты бейнероликтер көрсетілді, «Тұңғыш Президент» слайд презентациясы ұсынылды. Шараның қорытындысында балалар «Президент туралы не білесіңдер?», «Тарихи тұлғалар» тақырыптарындағы викториналық ойынға қатысып, өз білімдерін көрсетті.
> > >
24 қараша күні № 27 кітапхана-филиалында оқу залында № 21 ОМ-тің 8 сынып оқушыларына Президент күніне арналған «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты кеш-портрет өткізілді. Мақсаты: қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, еліміздің қалыптасуындағы Президент рөлі жайында білімдерін кеңейту. Шара барысында балаларға Президенттің балалалық шағы және жастық шағы жайында, Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасындағы «жалынды кезеңі» жайында әңгімеленді. Н.Назарбаевтың қанына сіңген үнемі көшбасшы болуға талпынысы, өзінің соңынан халықты тарту және олардың қызығушылығымен санасу, халықтың қызметін ұйымдастырып, бағыттау жайында баяндалды. 1991 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанда Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды. Шара барысында оқушыларға Президент жайында слайд-презентация көрсетіліп, «Оны өмірі – ұлтқа өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
> > >