16 қараша күнін №31 кітапхана-филиалында «Жүз халық – бір отбасы» атты әдеби панорама ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан этностарының, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастығының өзара татулығы арқылы қазақстандың патриотизмді тәрбиелеу, халықтар арасындағы достықты нығайтуға әсер ету. Шара барысында толеранттылық күні – қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттау арқылы Қазақстан халқын дәстүрлі адамгершілік құндылықтар аясында біріктіретіні жөнінде әңгімеленді.