№16 кітапхана-филиалында Ұлттық ақша күніне арналған  «Қазақстан валютасы - теңге» атты экономикалық лото өткізілді. Шараның мақсаты: экономикалық білім негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуы, адамзаттың тарихи дамуында қолданылуы және заманауи өмірде алатын орны туралы жалпы түсінік беру. Шара барысында 15 қараша теңгенің қабылданағн күні екендігі жөнінде мәлімет берілді және еліміздің өркендеуіндегі теңгенің рөлі жайлы әңгімеленді. Шара соңында «Экономикалық лото» зияткерлік ойын өткізілді.

161 min162 min

Яндекс.Метрика

16 қараша күнін №31 кітапхана-филиалында «Жүз халық – бір отбасы» атты әдеби панорама ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстан этностарының, азаматтық және рухани-мәдени қоғамдастығының өзара татулығы арқылы қазақстандың патриотизмді тәрбиелеу,  халықтар арасындағы достықты нығайтуға әсер ету.  Шара барысында толеранттылық күні – қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттау арқылы Қазақстан халқын дәстүрлі адамгершілік құндылықтар аясында біріктіретіні жөнінде әңгімеленді.

1 min2 min min 1

Яндекс.Метрика

15 қараша күні №1 жасөспірімдер кітапхана-филиалы «Жұлдыз ДПК-мен бірлесе отырып, № 65ЖББОМ 6 сынып оқушылары үшін «Теңге: ұлттық ақшамыздың ерекшеліктері» атты экономикалық викторина өткізді. Мақсаты: балалардың Қазақстанның ұлттық ақшасы туралы білімдерін кеңейту. Шараға «Теңге : ұлттық валютаның негізі» тақырыптық көрме әзірленді.  «Жұлдыз» ДПК жетекшісі Ж.Т.Габдуллина ұлттық ақшамыздың ел егемендігінің атрибуты болып табылатыны және  теңгенің тарихы жайлы баяндады. Теңгенің безендірілуінде 24 жыл бойы болған өзгерістермен таныстырылды. Шара соңында «Басқа елдердің ұлттық ақшасын тап» атты викториналық сайыс өткізілді.  Тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.

0J5n7p 9PNQ minMp70oj8LL8U minSJbhgRXd6Mw min

Яндекс.Метрика

15 қараша күні  № 15 балалар кітапхана-филиалында Халықаралық толеранттылық күніне орай «Әртүрліміз, бірақ бөтен емеспіз» атты толеранттылық сағаты өткізілді. Шараға №86 ЖББОМ 4 «а» сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: балаларды «толеранттылық» деген жаңа ұғыммен таныстыру, баланың санасында толеранттылық тәртібін  қалыптастыру. Шара барысында балалар толеранттылық, қоршаған ортамен және өз-өзіңмен үйлесімділікке ұмтылу жөнінде ойларды түсінді, адамдарды қандай қасиеттерін бағалау, толеранттылыққа қалай тәрбиелеу жайлы пікірлер айтылды. «Мейірімділікке жүрегіміз әрқашан ашық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және  «Сиқырлы сөз» ойыны ойнатылып, «Жай ғана...» атты мультфильм қөрсетілді.

022 min024 min

Яндекс.Метрика

№27 кітапхана-филиалының кітапханашылары № 21ЖББОМ 8 сынып оқушылары үшін «Теңге – тарихымыздың бір бөлшегі» атты ақпарат минутын өткізді. Мақсаты: оқушыларды ұлттық ақшамыз - теңгенің даму тарихымен таныстыру, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында Президенттің 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығымен басталған теңгенің тарихымен және ұлттық ақшаның авторларымен таныстырылды. Қазіргі біздің теңге республикамыздың тәуелсіздік нышаны екендігі жөнінде түсінік берілді. Шараның қорытындысында «Қазақстанның ұлттық ақшасы» тақырыбына викторина өтткізілді. Барлығы 16 адам қатысты.

DSCN7415 minDSCN7423 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика