2 қараша күні №5 балалар кітапхана-филиалында Ғ.Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына орай, жазушының шығармашылығына арналған «Жазушы сөзі – өмір шындығы» атты әдеби этюд шарасын өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын оқуға оқырмандардың қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты патриоттық және рухани-зияткерлік тұрғыдан дамыту. Шараға «Таланттың ұлылығы» атты кітап көрсетілімі, «Туған дала жыршысы» слайд презентациясы көрсетілді.
> > >
№15 балалар кітапхана-филиалында жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл толуына орай №86 ЖББОМ оқушылары үшін «Сарыарқаның абызы» атты портреттік әңгіме өткізілді. Шараның мақсаты: жазушы, журналист Ж.Бектұровтың өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру, балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шара барысында оқушыларға зерттеуші, ақын, журналист, әдеби шығармалардың аудармашысы, публи-цист, артындағы ұрпаққа мол шығармашылық мұра қалдырған жазушы Ж. Бектұров туралы ақпарат берілді. «Жол жоралғысы» атты жүздеген мақалалары мен тарихи очерктері, «Өткелдер» өлеңдер жинағы, «Ақиқат» романымен таныстырылды.
> > >
20 қазан күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында Қарағанды қ. жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталықпен бірлесе отырып «Кітапхана түні» – мәдени демалыс кеші өтті. Шараның мақсаты: кітапхана ісін дамыту, кітап оқуды насихаттау, жаңа форматтағы мәдени демалысты ұйымдастыру. Орталық қалалық кітапханаға оқырмандар, әртүрлі ЖОО студенттері мен оқушылар жиналды. Кеш қонақтарын Орталықтандырылған кітапхан жүйесінің директоры Г.А. Карагонысова қарсы алып, кешті сөз сөйлеп ашты. Шараның ашылуы «Буккроссинг» акциясының «Сізді шақырған кітапты табыңыз» ұранымен басталып, әрбір кітап өз оқырманын тапты. Қарағанды қ. жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының жастары кітапханалық квест ұйымдастырып, өткізді. Квест ойыны кезінде әр оқырман сүйікті кітабындағы, фильмдегі немесе ойындағы кейіпкерге айналды. Ойыншылардың міндеті, құпия жұмбақтарды шешу, түнгі кітапхананың тылсым әлемін түсіну, әрбір ұсақ-түйекке назар аудару қажет болды. Ресурстық орталықтың жастары Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбаев бейнесін сомдады және кешті «Қыз Жібек» театрландырылған қойылымының желісімен аяқтады. Шара барысында кітап әлеміне қызығушылық танытқан жас оқырмандар кітап сақтау бөлімдерін аралап, кітап қорымен танысып, түнгі кітапханаға саяхат жасады. Қорытындысында шараға белсене қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Жастарға мұндай демалыс өте ұнады. Барлығы 70 адам қатысты.
> > > >>
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы 24 қараша күні М.О Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Арқа әншісі Ғаббас Айтбаев» атты музыкалық ретро-ән кеші өтті. Шараның мақсаты: Жастарды әнші Ғаббас Айтбаевтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру. Қазақ мәдениетінің әншілік өнеріне қалдырған мұрасы туралы түсінік беру, жас ұрпақтың әнге деген қызығушылығын ояту. Музыкалық ретро-ән кешіне Ғаббас Айтбаевтың немерелері Садақова Дариға Садаққызы, Ғаббасов Жоламан Рауфұлы, жиені Мақсат Нүсіпов шақырылды және №34 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен сол мектептің кітапханашысы, Қарағанды мемлекеттік университетінің 3 курс студенттері және Тәттімбет өнер колледжінің 3-4 курс студенттері қатысты. Кеш барысында Дариға Садақова мен Жоламан Ғаббасов атасы жайлы естеліктер айтты. Ғаббас Айтбаевтың құрметіне Тәттімбет өнер колледжінің 3 курс студенті Қазкен Берік «Тау ішінде», «Балқурай» әндерін, Тәттімбет өнер колледжінің 4 курс студенті Тәңірберген Данияр «Сарыарқа», «Алтын анам» әндерін, Қарағанды мемлекеттік университетінің 3 курс студенттері Тлеулинов Заңғар «Көзімнің қарасы», «Ақбұлақ», Кәлім Абайбол «Аялдама» атты әндерді шырқады. Кітапханашылар «Арқа әншісі Ғаббас Айтбаев» атты кітап көрмесімен таныстырды.
> > >
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында 20 қазан күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасы мен Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті арасында онлайн –кездесу кеші өтті. «Ғұлама ғұмыр – өшпес өнеге» атты онлайн- кездесу кеші Қарағанды Мемлекеттік Университетіне Е.А.Букетовтың аты берілгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқырмандарды Е.А.Букетовтың өмірі жайлы тарихи деректермен таныстырып патриоттық рух беру, жастардың білімін шыңдап, нығайту.
Шараға Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары және студенттері қатысты. Екі үлкен жоғары оқу орындарының білімге құштар студент жастары арасында жасалған рухани көпір болды. Онлайн-кездесу барысында рухани сананың жаңғыруы, ұлы тұлғаларға деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығы іске асырылды. Шараға 30 адам қатысты.
> > >