6 желтоқсан күні №22 кітапхана-филиалында көпшілік оқырмандар үшін   для массового читателя был проведен  урок милосердия  «Жан жылуын сыйлайық» атты мейірімділік сабағы өтті. Мақсаты: қайырымдылық, жақындарыңа қамқорлық жасау сияқты жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, балалардың бойында мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мейірімділік, жанашырлық, төзімділікпен қарау сезімдерін тәрбиелеу.   Шара барысында 1992 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 3-желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялағаны туралы мәлімет берілді. Бұл күн қоғамға көмек пен қолдауды қажет ететін, солай бола тұра рухы мықты, өздерін бейнелеу өнерінде, көркемөнерпаздықта, спортта көрсете білетін жандарды еске түсіретін күн. Олардың өмірге деген құштарлығы мен болашаққа сенімі басқаларға үлгі екендігі жайлы түсінік берілді. Шара қорытындысында балалар көңілді өлеңдер оқып, ойындар ұйымдастырылды. Барлығы 17 адам қатысты.

010 min20171109 130123 min20171109 130647 min



Яндекс.Метрика




5 желтоқсан күні № 31 кітапхана-филиалында №12 балалар кітапхана-филиалымен бірлесіп,  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талдқылауға арналған «Уақыт үндеуіне жауап» атты пресс-ақпарат өткізді. Мақсаты: оқушылардың адамгершілік құндылық бағыттары мен ұлттық санасын жетілдіруге әсер ету, белсенді өмірлік ұстанымдарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні туралы білімдерін тереңдету, Қазақстанның жаңғыру бағыттары бойынша ой-өрістерін дамыту. Шара барысында   еліміздің ортақ мақсаты - Н.Назарбаевтың мақаласындағы кең көлемдегі өзгерістерді  түсіну, қоғамның санасында Тәуелсіздіктің құндылықтары мен отансүйгіштікті нығайта түсу, мемлекетіміздің әрі қарай дамып,  тұрақты да бай ел болуына әрбір азаматтың үлес қосуы қажеттігі жөнінде әңгімеленді. Оқушылармен бірге «Қазақ тілін латын жазуына көшіру», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Туған жер» сияқты арнайы бағдарламалар талқыланды. Шараның қорытындысында «Туған жер» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 15 адам қатысты, 25 басылым ұсынылды.

1 min3 min6 min

 

Яндекс.Метрика




5 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында М.Әуезов атындағы  Орталық қалалық кітапханасы КСРО халық әртісі, театр және кино режиссері А.Әшімовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Кино әлемінің корифейі» атты Арт-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның тарихына деген құрметті, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін, патриоттық пен азаматтыққа тәрбиелеу, қазақ халқының көрнекті өкілдерін туралы білімдерін кеңейту. Шараға ҚарМУ студенттері, №3 гимназия, №52, №68 ЖББОМ оқушылары қатысты. Шара барысында  А.Әшімовтің өмірбаяны мен шығармашылық өнер жолынан мол мағлұмат берілді. Қатысушыларға Асанәлі Әшімовтің кино әлеміндегі Қазақстандық бренд болып табылатыны,  қазақ шығармашылық ортасының корифейі және мемлекеттің құрметті азаматы екендігі жөнінде түсінік берілді.  Көрме кино таспасының үлгісінде әзірленіп, актердің әр жылдарда түскен фильмдерінде рөлін сомдаған кейіпкерлерімен таныстырылды және  фильмдерден үзінді-бейнероликтер көрсетілді.  Асанәлі Әшімовтің 80-жылдығына арналған «Шарайна – шындық шебері» атты деректі фильмі ұсынылды және  өз еңбектері мен шығармашылығы туралы әдебиеттердің ашық көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. «Кино әлемінің корифейі» арт-көрмесімен 150 адам танысты.

 

DSC 0206 minDSC 0219 minDSC 0223 minDSC 0233 min 

7 желтоқсан күні №31 кітапхана-филиалында көрнекті актер Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Көркем кино өнерінің корифейі» атты АРТ-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды Қазақстанның өнер адамдарының өмірбаянымен және қызмет жолымен таныстыру, кино актері А.Әшімовтің шығармашылығының маңызы мен өзектілігін атап өту, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру. Көрмеде қазақтың театр және кино өнерінің аңызына айналған тұлғаның өмірбаяны мен қызметін ашып көрсететін құжаттар ұсынылды. Шараға .... адам қатысты.

12

 

Яндекс.Метрика

  6 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімі №41 ЖББОМ орта мектебінің 4 сынып оқушылары үшін «Балалар құқығы туралы Конвенция» атты бейне-дәріс өткізді.

       Мақсаты: оқушылардың негізгі бала құқықтары туралы білімдерін жинақтау, құқықтық мәдениет пен жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, адамның еркіндігі мен құқығына  құрметпен қарауға, намысшылдыққа,  әділдікке тәрбиелеу, адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде білімдерін кеңейту, сыныптастарының пікірлерін сыйлауға тәрбиелеу.

      Шара барысында БҰҰ «Бала құқықтары туралы Конвенциясымен» бекітілген баланың негізгі құқықтарымен және оларды іске асыру жолдарымен кеңінен таныстырылды. «Қол соғыңыздар, егер...» атты тренинг өткізу кезеңінде сұраққа жауап беріліп, балалардың өзара пікір алмасты

123 

Яндекс.Метрика

29 қараша күні №22 кітапхана-филиалында  жазушы Ғабиден  Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері»  әдеби шығармашылық сағаты өтті. Мақсаты: оқырмандарды жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, оқушыларға  дарынды жазушының шығармаларын  оқуды насихаттау арқылы өз өлкесін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту.  Шара барысында оқушылар Ғ.мұстафиннің өмірбаянымен және проза жанрындағы құнды шығармаларымен таныстырылды, қазақ жазушысының рухани кемелденуі, замана жыршысы болып қалыптасуы жөнінде әңгімеленді. Оқушылар «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген» романдарына қызығушылық танытып, кітапханашымен бірлесе талдау жасады. . Шара соңында «Сөз зергері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 

Изображение 001 minИзображение 017 min



Яндекс.Метрика




Яндекс.Метрика