28 қарашада №5 балалар кітапхана-филиалында №85 НОМ 4 сынып оқушылары үшін «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты!» атты портреттік кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының көшбасшысы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев туралы және тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері туралы білімдерін тереңдету. Балалардың бойында Елбасына деген құрметті қалыптастыру, Тұңгыш Президент жайлы кітаптарды насихаттау. Шара барысында «Қазақстан Елінің Алғашқы Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды,  «ҚР Әнұраны», «Президенттің бір күні» атты бейнероликтер көрсетілді, «Тұңғыш Президент» слайд презентациясы ұсынылды. Шараның қорытындысында балалар «Президент туралы не білесіңдер?», «Тарихи тұлғалар» тақырыптарындағы викториналық ойынға қатысып, өз білімдерін көрсетті.

IMG 8289 minIMG 8268 minIMG 8288 min

Яндекс.Метрика

24 қарашада №6 кітапхана-филиалында Қарағанды медициналық колледжінің 3 курс студенттерімен жазушы Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына арналған «Дала классигі» атты әдеби қонақжай өткізілді.  Мақсаты: жас ұрпақты қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Ғ.Мұстафиннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру, оның шығармалары арқылы патриоттық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.  

 

SAM 0777 minSAM 0786 minSAM 0794 min

Яндекс.Метрика

23 қараша күні № 8, 22 және №1 жасөспірімдер кітапханаларының бірігуімен  № 65 ЖББМ–тің 8 сынып балаларына арнап «Ұрпақтың болашаққа ұмтылуы» атты дайджест-ақпарат өткізілді. Мақсаты:  қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, өз отанын мақтан тұтуға, мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласуға, өз тәуелсіздігін құруға мүмкіндігін пайдалана білуге тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ҚР Президентің Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекелестік» Жолдауымен танысып, «Ұрпақтың адамгершілікке ұмтылуы» ашық көрмесіне шолу жасады.  Басты алты басымдыққа қысқаша тоқтап өтті – «Жеті ата», «Тіл», «Жер», «Ел», «Латын әліпбі», «қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім». Шараның соңында қатысушылар мынадай қорытындаға келді: барлығымызға мемлекет өзгерісі үшін, өз еліміздің гүлденуі үшін, бейбітшілік, достық, бірлік және халық әл-ауқатының жақсаруы үшін барлық заңдылықтар жұмыс жасайтын мықты мемлекет болу үшін маңызды барлық сұрақтарды талқылауларға қатысу.

0TWtuSP2TyM 1 min77nhRzUYxJI min

Яндекс.Метрика

24 қараша күні № 27 кітапхана-филиалында оқу залында № 21 ОМ-тің 8 сынып оқушыларына Президент күніне арналған «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты кеш-портрет өткізілді.  Мақсаты: қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, еліміздің қалыптасуындағы Президент рөлі жайында білімдерін кеңейту. Шара барысында балаларға Президенттің балалалық шағы және жастық шағы жайында, Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасындағы «жалынды кезеңі» жайында әңгімеленді. Н.Назарбаевтың қанына сіңген үнемі көшбасшы болуға талпынысы, өзінің соңынан халықты тарту және олардың қызығушылығымен санасу, халықтың қызметін ұйымдастырып, бағыттау жайында баяндалды. 1991 Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағанда Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды. Шара барысында оқушыларға Президент жайында слайд-презентация көрсетіліп, «Оны өмірі – ұлтқа өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

DSCN7456 minDSCN7431 min

Яндекс.Метрика

№2 жасөспірімдерге қызмет  көрсететін кітапхана филиалында   «Молодежный»  мәдениет  үйінің  әдіскер  маманы  Агайдарова Раушан  Рашитқызының  ат  салысуымен  «Құтты  білік» шығармасының авторы Жүсіп  Баласұғниға - 1000 жыл толуына орай  «Тарих   және  тұлға»  атты әдеби ақпарат    болып  өтті. Раушан  Рашитқызы  оқушыларға  Жүсіп Баласұғнидың  өмірі  мен  шығармашылығынан    әдеби  ақпарат  таратты. Абай   мен  Қожа  Ахмет Ясауйдың  жазбаларымен  үндестігін, он  ғасыр  өтсе  де  ескірмеген  жазбалардың  мағынасын  ашып  көрсетті. «Құтты  білік» шығармасынан  үзінділер оқылды.

Баласугн minБаласугн 2 minЖ.Баласугни 1000 лет min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика