№16 кітапхана-филиалында Ұлттық ақша күніне арналған «Қазақстан валютасы - теңге» атты экономикалық лото өткізілді. Шараның мақсаты: экономикалық білім негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуы, адамзаттың тарихи дамуында қолданылуы және заманауи өмірде алатын орны туралы жалпы түсінік беру. Шара барысында 15 қараша теңгенің қабылданағн күні екендігі жөнінде мәлімет берілді және еліміздің өркендеуіндегі теңгенің рөлі жайлы әңгімеленді. Шара соңында «Экономикалық лото» зияткерлік ойын өткізілді.