15 қараша күні №1 жасөспірімдер кітапхана-филиалы «Жұлдыз ДПК-мен бірлесе отырып, № 65ЖББОМ 6 сынып оқушылары үшін «Теңге: ұлттық ақшамыздың ерекшеліктері» атты экономикалық викторина өткізді. Мақсаты: балалардың Қазақстанның ұлттық ақшасы туралы білімдерін кеңейту. Шараға «Теңге : ұлттық валютаның негізі» тақырыптық көрме әзірленді.  «Жұлдыз» ДПК жетекшісі Ж.Т.Габдуллина ұлттық ақшамыздың ел егемендігінің атрибуты болып табылатыны және  теңгенің тарихы жайлы баяндады. Теңгенің безендірілуінде 24 жыл бойы болған өзгерістермен таныстырылды. Шара соңында «Басқа елдердің ұлттық ақшасын тап» атты викториналық сайыс өткізілді.  Тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.

0J5n7p 9PNQ minMp70oj8LL8U minSJbhgRXd6Mw min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика