ҚР Тәуелсіздігі күніне орай №31 кітапхана-филиалында «Тәуелсіз Қазақстанның уақыт тынысы» атты әдеби таныстырылым көрмесі безендіріліп, оқырман назарына ұсынылды. Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігінің бағасын жете түсіндіру, оқырмандарды егеменді Қазақстанның қалыптасу тархымен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, патриоттық пен азаматтық парыз, мемлекетіміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Көрмеде ұсынылған кітаптарда мемлекеттің қалыптасу тарихының әр кезеңдерінен мол ақпараттар берілген, оқырмандар Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларында болған айтулы оқиғаларды сипаттайтын әдебиеттермен кеңінен таныстырылды.
15 желтоқсанда №29 кітапхана-филиалының кітапханашылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай №5 ОМ оқушыларымен «Тәуелсіз Қазақстан» атты викториналық ойын өткізді. Мақсаты: патриоттық пен азаматтықты тәрбиелеу, өз Отаны үші мақтаныш сезімін, ұлттық сананы қалыптастыру. Шара балаларға өз Отанының тарихына деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді сақтау, тарихи шығармаларға қызығушылықтарын арттыру бағытында өткізілді.
> >
15 желтоқсанда №1 жасөспірімдерге қызмет көрсету кітапхана-филиалында актер, режиссер Асанәлі Әшімовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Көркем кино әлемінің көрифейі» атты арт-көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: А.Әшімовтің өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы ақпарат беру. Шара барысында оқырмандар көрмедегі актердің өзі жазған кітаптармен таныстырылып, ол жөнінде жазылған кітаптар мен баспасөз материалдарына шолу жасалды.
> > >
14 желтоқсан күні №15 балалар кітапхана-филиалының оқу залында ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай №86 ЖББОМ 4 «а» сынып оқушылары үшін «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты тарих сағаты өтті. Мақсаты: балаларды Республикамыздың Тәуелсіздік алу тарихымен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік, өз елінің болашағы үшін жауапкершілік, туған жерін қорғауға дайын болу сияқты патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер берілді, «Тарих білгірлері» тақырыбында викторина өткізілді. Викторинада балаларға еліміздің Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдерінен сұрақтар қойылып, слайдпен және «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи кезеңдері» атты бейнероликпен сүйемелденіп отырды. Шараға «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты кітап көрмесі безендірілді. Барлығы 23 адам қатысты.
> > >
17 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «6505» әскери бөлімінде сарбаздарға арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи - әдеби кеш өткізді. Мақсаты: сарбаздарға Тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтардың ерліктері жайлы түсінік беру, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншіліктері мен патриоттықты дамыту. Шара «6505» әскери бөлімінде Қазақстан Мемлекеттік Әнұранымен ашылды, кітапханашылар Тәуелсіздік тарихынан ақпарат берді және сарбаздар тәуелсіздік құрбандары туралы өлеңдер оқыды. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты видеоролик көрсетілді, сарбаздар өз кезегінде Отанға әрдайым адалдықпен қызмет етуге, желтоқсандықтарды естерінде сақтауға ант берді. Кеш соңында сарбаздар хормен «Көк тудың желбірегені» әнін шырқады. Шараға 50 адам қатысты.
> > >