15 қараша күні №1 балалар кітапхана-филиалында төменгі сынып оқушылары үшін «Тәуілсіздік символы –ұлттық валюта тарихы» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: ұлттық ақшамыздың пайда болу тарихы туралы ақпарат беру, патриотиз мен Отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Шара барысында балалар слайдфильм арқылы теңгенің пайда болу тарихымен танысты, викторинаға қатысып, Қожа Ахмет Яссауидің суреті бейнеленген, суреттегі күмбезден Құранның сүресін оқуға болатын ақшаға қызығушылық танытты.
> > >
№ 22 кітапхана-филиалында ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық ақша- мақтанышымыз» атты көрме –адвайзер ұйымдастырылды. Мақсаты: экономикалық білім негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуы, адамзаттың тарихи дамуында қолданылуы және заманауи өмірде алатын орны туралы жалпы түсінік беру. Қазақстандық патриотизм мен Отанды сүюге. Мемлекеттік нышандарды құрметтеуге тәрбиелеу. Шарада№17 ОМ 6 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кез келген мемлекеттің тарихында тәуелсіздігінің нышаны - жеке валютасының тарихы да болатыны жөнінде мағлұмат берілді.
> > >
№15 кітапхана-филиалында Жайық Бектұровтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ғасыр дауысы» атты шығармашылық портрет өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды патриотизмге тәрбиелеу, жазушының өмірбаянымен және шығармаларымен таныстырып, шығармашылығына қызықтыру. Шара барысында Ж.Бектұровтың аудармашы, журналист, тарихшы, жазушылар Одағының мүшесі ретінде әдебиетпен тығыз байланысты еңбек жолы туралы кең мағлұмат берілді. Ол «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қызмет етті, көптеген шығармалары Қарағанды қаласына арналған. 2001 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасына Ж.Бектұровтың есімі берілді және осы кітапханада жазушының жеке кітапханасы мен қолданған бұйымдары сақталған мемориалдық мұражай кабинеті бар. Ж.Бектұров «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясын құрастырушылардың бірі болып табылады.
> > >
17 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚК Халықаралық толеранттылық күніне орай «Қазақстан – толеранттылық мекені» атты библиоглобус өтті. Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, қызығушылықты қалыптастыру, толеранттылық сананы дамыту, патриотизмге тәрбиелеу. Шара барысында толеранттылық ұғымы жайлы түсінік берілді, қатысушы өзге ұлт өкілдері өз ұлтының салт-дәстүрлері жайлы әңгімеледі. Шараға шақырылған Қарағанды Медициналық университетінің шетелдік студенттері Үнді елінің мәдениетімен таныстырып, ән орындады., сондай-ақ, №87 НОМ оқушылары әдеби-музыкалық өнерлерін көрсетті. Тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.
> >
Қазақстанның БҰҰ-ға қосылғанына 25 жыл толуына орай №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханада «Қазақстан БҰҰ құрамында: бейбітшілік пен даму қызметінде» тақырыбында саяси сағат өтті. Мақсаты: бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау. Шара бары-сында Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ның қарым қатынасы туралы ақпаратпен таныстырылды.
>
>
> >