15 қараша күні  № 15 балалар кітапхана-филиалында Халықаралық толеранттылық күніне орай «Әртүрліміз, бірақ бөтен емеспіз» атты толеранттылық сағаты өткізілді. Шараға №86 ЖББОМ 4 «а» сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: балаларды «толеранттылық» деген жаңа ұғыммен таныстыру, баланың санасында толеранттылық тәртібін  қалыптастыру. Шара барысында балалар толеранттылық, қоршаған ортамен және өз-өзіңмен үйлесімділікке ұмтылу жөнінде ойларды түсінді, адамдарды қандай қасиеттерін бағалау, толеранттылыққа қалай тәрбиелеу жайлы пікірлер айтылды. «Мейірімділікке жүрегіміз әрқашан ашық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және  «Сиқырлы сөз» ойыны ойнатылып, «Жай ғана...» атты мультфильм қөрсетілді.

022 min024 min

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика