22 қараша күні №12 балалар кітапхана-филиалының оқу залында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатының балалары үшін Я.С.Маршактың туғанына 130 жыл толуына орай «Есігімді қаққан кім?» атты әдеби ойын-сауық кеші өткізілді. Шараның мақсаты: балаларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, кітапхана терапиясының мүмкіндіктері мен қорын пайдалана отырып, кітап оқуға тарту. Жүргізуші Сарычева С. Самуил Яковлевич Маршактың өмірбаянымен таныстырып, балалардың тек қана сауатты емес, сонымен бірге алғыр, зерек, байқағыш болғанын қалағанын, сондықтан жұмбақтардың пайдасы зор екеніне көңіл бөлгені жайлы ақпарат беріп өтті. Шара барысында балалар «Маршак жұмбақтары» атты жұмбақ шешу сайысына, «Тордағы балалар» көңілді суреттер сайысына, «Тауып көр» атты викторинаға қызығушылықпен қатысты. Маршактың «Двенадцать месяцев», «Кошкин дом», «Сказка о глупом мышонке», шығармалары бойынша фильмнен үзінділер мен мультфильдер көрсетілді.