28 желтоқсанда №5 балалар кітапхана-филиалында «Аяз атаның сиқырлы қоржыны» атты жаңажылдық серпантин өткізілді. Шараға Октябрь аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балалары қатысты. Мақсаты: жаңа жыл қарсаңында балалардың көңіл-күйін көтеру, мереке сыйлау. Шараға «Ғажайыптар мен сиқырларды күту уақыты» қиял-ғажайып көрмесі безендірілді, «Аяз Ата!» бейнеролигі көрсетілді және «Шыршаға жетіп ал», «ақшақар», «Кім бірінші», т.б. ойындар өткізілді.
> > >
27желтоқсанда в библиотеке-филиале №5 балалар кітапхана-филиалында №46ЖББОМ 4 «б» сынып оқушылары үшін «Қар ханшайымы патшалығына жол» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: балалардың шығармашылықтарын көрсетуін ұйымдастыру арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шараға әзірленген «Ғажайыптар мен сиқырларды күту уақыты» атты кітап көрмесімен таныстырылды және «Кел, Жаңа Жыл!» атты бейнеролик көрсетілді. «Аяз Ата және бәрі, бәрі, бәрі...» тақырыбында электронды викторина өткізілді.
> > >
22 желтоқсанда №16 кітапхана-филиалының оқу залында №25 ЖББОМ оқушыларына арналған «Жаңажылдық ертегіге саяхат» атты виртуалды жаңажылдық викторина өтті. Шараның мақсаты: балаларды жаңажылдық ертегілердің кейіпкерлерімен таныстыру, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шара барысында қатысушылар «Полярлық экспресс» арқылы «Жаңа жыл» ертегілік станцияларына тоқтала отырып, ғаламшардағы жаңа жыл мерекелеріне қызықты саяхат жасады. Таңғажайып ертегі түріндегі «Жаңа жыл» мерекесінің шығу тарихымен таныстыратын бейнероликтер көрсетілді. «Дымбілмес» станциясында балалар «Ертегіге саяхат» викторинасына қатысып, қызықты да түрлі-түсті кітаптармен безендірілген «Жаңа жыл ғаламшарды аралап жүр» атты кітап көрмесімен танысты. Шараның қорытындысында «Сыйлықтар» станциясында мерекелік тілектер, құттықтаулар мен өлеңдер оқылды.
> > >
26 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада №62 ЖББОМ үшін «Жаңа жылды қарсы аламыз» атты жаңа жыл алауы өткізілді. Мақсаты: оқырман балаларға мерекелік жағдай жасау, ән шырқау, өлең оқу, би билеу арқылы достары мен жақындарына қуаныш сыйлауға мүмкіндік беру. Мерекелік шара барысында балалар Қызыл Телпек бейнесінде киінген жүргізушімен, Аяз ата, Ақша қармен бірге шырша әндерін шырқап, өлеңдер оқып, түрлі ойындарға қатысты. Аяз Ата сыйлықтар таратып, «Жаңа жыл ертегісі» атты кітап көрмесіен таныстырылды.
> > >
№4 кітапхана-филиалында №12 ЖББОМ оқушылары үшін М.Хамзиннің туғанына 90 жыл толуына арналған «Домбыраны әуелеткен тұлға» атты медиатаныстырылым өтті. Мақсаты: әйгілі сазгер, Қазақстанның Халық әртісі, Балхаш қаласының құрметті азаматы, домбыраны әлемге танытқан қазақтың мақтанышы М.Хамзиннің өмірбаянымен таныстыру. Шара барысында «Күй құдіреті», «М.Хамзиннің шыңы» атты бейнероликтер көрсетілді және оқушылар Мағауия Хамзинге арналған өлеңдер оқып, «Туған жер толғауы», «Белгісіз солдат», «Жайлауда» атты күйлерді тыңдады. М.Хамзиннің Қазақстанның мәдениетіне қосылған мол шығармашылық мұрасын сақтап, жалғастыратын таланттар туралы әңгімеленді.
>