21 қараша күні №5 кітапхана-филиалында «Қуқықты ....» атты құқықтық калейдоскоп өткізілді. Мақсаты: адамның негізгі құқықтары мен еркіндігі туралы ақпарат беру арқылы жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Шараға №46ЖББОМ 8 «а» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар адам құқығы туралы халықаралық-құқықтық құжаттардың тарихымен және негізгі ережелерімен таныстырылды, адам құқығы бұзылған жағдайда оларды қорғау мәселесін қарастырды. Түсіндіру әңгімесі слайд – презентациямен сүйемелденіп отырды. Бала құқығы мен баланың құқығын туралы Конвенциямен таныстыру жағдаяттық ойындар, викториналар, кроссворд шешу арқылы жүргізілді. Балалар талқылауға белсене қатысты. Шара соңында «менің құқығым» атты бейнеролик көрсетіліп, «Баланың отбасындағы және қоғамдағы құқығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды және «Міндетсіз құқық жоқ» тақырыбында жаднамалар таратылды.