21 қараша күні №2 жасөспірімдер кітапхана-филиалында қазақ жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туғанына-115 жыл толуына орай «Қаламгер және ғасыр» атты портреттік кеш өтті. Мақсаты: жазушы Ғ. Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жазушыны жас ұрпаққа кеңінен таныту, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету арқылы білім-ғылымға тәрбиелеу. Кешке №18 ЖББОМ 7-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар жазушының шығармашылығы мен өмір жолы туралы әдеби шолу жүргізді, «Дауылдан кейін» романы қызу талқыланды. Кешке авторлық кітап кітап көрмесі ұсынылды.