2 наурыз күні №29 кітапхана-филиалында «Болашақ» колледжінің студенттері үшін ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау бойынша «Өзгерістер уақыты – мүмкіндіктер уақыты» атты патриоттық сағат өтті. Шараның мақсаты: студент жастарды Президент Жолдауының идеяларымен және міндеттерімен таныстыру, Елбасының саясатын насихаттау.
Шара барысында кітапханашы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауда белгілеген он міндетпен жақын таныстырды және әр азаматтың осы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуы қажет екенін түсіндірді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған әрбір Жолдауының халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға, тәуелсіз мемлекетіміздің гүденіп, өркендеуіне бағытталатыны жайлы ақпарат берілді. Студенттер білім берудің жаңа мазмұны, латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде өз пікірлерін ортаға салды, медицианлық сақтандыру, тегін кәсіптік-техникалық білім туралы және т.б.сұрақтар қойды. Шараға 15 адам қатысты.
> >
1 наурыз күні №8 кітапхана-филиалының оқу залында қазақ халқының музыка қайраткері М.Төлебаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қазақ операсының сазгері» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді. Шараның мақсаты: сазгердің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру, қазақ операсының мұрасын насихаттау. Шара барысында кітапханашы Рысмаганбетова Б.К. сазгердің өмірбаяны мен Мұқан Төлебаевтың қысқа өмірінде жазып қалдырған жүзден аса музыкалық шығармалары жайлы мағлұмат берді. ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің асқан жетістігі және сазгер шығармашылығының биік шыңы болған «Біржан – Сара» операсы жөнінде әңгімеленді. М.Төлебаевтың шығармашылығы толыққанды идеясымен, көркемдігімен, ұлттық нақыштарымен және ерекше стилімен таныстырылды. Шара соңында «Ғасыр әуені» кітап көрмесі не шолу жасалды.
> >
1 наурыз күні №29 кітапхана-филиалында №5 ЖББОМ 5 сынып оқушылары үшін «Алғыс айту күні-татулық айғағы» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық пен бір-бірін құрметтеу сезімін тәрбиелеу, этникааралық келісімді нығайту. Шара барысында кітапханашылар бұл мерекенің мән-мағынасы жөнінде әңгімеледі, балалар өлеңдер оқып, мемлекетімізге, еліміздің өркендетудегі барлық игі істері үшін Елбасына және бір-біріне алғыстарын білдірді.
>
№1 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханасында №65 ЖББОМ 8-9 сынып оқушылары үшін «Ризашылық – келісім мен бірлік негізі» атты әдеби марафон өтті. Мақсаты: алғыс айту күнінің мағынасы мен маңыздылығын түсіндіру, балалардың бойында адамгершілік қарым-қатынастарды, басқалардың пікірін тыңдай білуді дамыту. Шара барысында кітапханашы Алғыс айту күнінің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1-наурыз Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылған күніне белгіленгенін түсіндіріп өтті. Балалар төрт бөлімнен тұратын әдеби марафонға қатысып, білімділіктерін, кітап оқудағы жетістіктерін, сөз байлықтарын көрсетуден сайысқа түсті. Кеш соңында «Ризашылық - татулықтың пен бірлік негізі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Г.Бельгердің «Сапар алдында» атты кітаптарында сипатталған ұлтаралық достық туралы кеңінен әңгімеленді.
> >
1 наурыз күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алғыс айту күніне арналған «Алғысымыз шын жүректен» атты кездесу кеші өтті. Шара Қазыбек би аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қатысуымен және №52 ЖББОМ оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты Қазақстанда пайда болған жаңа мерекемен таныстыру, «Халықтарға алғыс айту күні» ұғымының мәнін ашып түсіндіру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті, ұлтаралық келісімді, әртүрлі этностар арасындағы достастықты нығайту; балаларды кішіпейілділікке, достастыққа, бейбітшілік пен бірліктің асыл құндылықтарына тәрбиелеу. Шара барысында жүргізушілер Қазақстандағы алғыс айту күнінің мәні мен маңызы туралы түсінік беріп өтті. Кешке қатысушылар алғыс білдіруге арналған шаттық шеңберін құрып, туған ел мен жерге, Елбасымызға, мемлекетке, ата-анаға, досқа, қоғамға, табиғатқа алғыс айтылды. Кеш қонақтары Червова Евгения Михайловна, Шевченко Нина Михайловна, Светличная Таисия Семеновна, Кадомцева Нина Степановна ата-бабасының қазақ жеріне келу тарихы туралы әңгімелеп, ризашылық сөздерін білдіріп, жүректен шыққан өлең шумақтарын оқыды. Лингва колледжінің студенті Төлеутай Фариза «Ана» әнін және №52 орта мектеп оқушылары «Туған жерім», «Менің Республикам» әндерін шырқады. Кеш қорытындысында қатысушылар «алғыс айту» тақтасына өз лебіздерін жазды. Шараға әзірленген «Бірлік пен ынтымақ – біздің байлығымыз» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Шараға 30 адам қатысты.
> >>