14 ақпанда №4 кітапхана-филиалының қызметкерлері Қарағанды теміржол колледжінде Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығару күніне орай «Ауған соғысының жаңғырығы» атты құрмет кеші өтті. Мақсаты: жауынгер-интернационалистердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Кешке жауынгер-интернационалистер, №137 ЖББОМ оқушылары, Қарағанды теміржол колледжінің студенттері және Ауған  жауынгерлерінің  отбасылары қатысты. Құрметті қонақтар: Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамының төрағасы Агабабов В., және Жауынгерлердің аналар кеңес одағының төрағасы Фатеева М.Д., Алмусин Я. Т. Барлық жауынгер-интернационалистерге құрмет білдіре отырып, жүргізушілер көрермендерді мерекемен - Әскердің Ауғанстаннан шығарылған күнімен құттықтап өтті. 1989 жылдың 15 ақпанында соғыс аяқталды. Биыл Кеңес әскерінің Ауғаннан шығарылған күніне  29 жыл толып отыр.  Кештің құрметті қонақтары жауынгер-қаһармандардың атына жүрекжарды ізгі, жылы лебіздерін арнады. Олар өзінің әскери, адами  борышын үлкен абыроймен атқарып шыққан жауынгер-интернационалистердің ерлігін мадақтап, атап өтті. Біздің ҚР Президентінің ынтымақшылдық саясатымен біз басқа елдермен тату келісімдеміз.  Бірақ соғыста қаза болған жерлестеріміздің атын  ұмытуға құқығымыз жоқ. Олар ел алдындағы азаматтық борыштарын өтеді. Жүргізушілер ерлікпен қаза болған  жауынгерлермен және де басқа аман есен  оралғандардың ерлік   істерін айта  отырып,  Отан қорғауды жаңа ұрпаққа  үлгі  тұтты.  Мыңдаған Қазақстан  жауынгерлері жоғары мемлекеттік  марапатқа лайықты. Бұл  ауған  соғысы  сабақ-  бұл  тарих, назар  аударарлық жағдай.  Қортындылай  келе, Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық,ерліктері  жастарға  үлгі етейік деген пікірлер айтылды. Қатысушылар шараға арнайы әзірленген «Даңқ пен намыс ерлігі» атты кітап көрмесінің әдебиеттерімен, жерлестер туралы деректі материалдармен таныстырылды. 

1234

 

Яндекс.Метрика

Яндекс.Метрика