28 ақпан күні №6 кітапхана-филиалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Әбдикаримова Г.Б. қатысуымен «Латын әліпбиі болашаққа бастау» атты қызықты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: қазақ тілін латын графикасына көшірудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру. Шара барысында оқырмандарға латын әліпбиінің шығу тарихы мен әлем халықтары арасында қолданылуы және біздің елімізге әлемдік ақпараттық деңгейге көтерілу үшін, цифрлық ресурстарға қолжетімділік үшін қажеттілігі туралы әңгімеленді. Кітапханашы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқан сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуінің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік берді. Оқушылар латын әліпбидің жаңа нұсқасымен танысып пікір алмастырды және жаңа әліпбимен сөздерді жазып, тәжірибе сабағын өткізді. Қорытындысында «Латын әліпбиі- рухани жаңғырудың темірқазығы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 18 адам қатысты.

 

 SAM 1001 minSAM 1017 min

27 ақпанда №31 кітапхана-филиалында «Президент Жолдауы - еліміздің даму қадамы» атты жедел ақпарат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауына қолдау көрсету және насихаттау. Шара барысында кітапханашылар ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының әрқайсысы еліміздің одан әрі дамуына негізгі бағыттарын нақтылайтын, бағдарламалық құжат екенін атап өтті. Биылғы Жолдау да мемлекеттің таяу жылдардағы даму басымдықтарын, Қазақстанның дамудың жаңа көкжиектеріне көтерілуі үшін маңызды міндеттерді нақтылап берді. Ақпарат беру барысында Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық саласын дамытуға қатысты белгілеп берген негізгі он міндетке талдау жасалды. Бұл: 1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. 2. Ресурстық әлеуетті одан ары дамыту. 3. «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. 4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. 5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». 7. Адами капитал - жаңғыру негізі. 8. Тиімді мемлекеттік басқару.

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. 10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Кітапханашылар шара соңында Жолдаудың жалпы, барлық саланы қамтыған сипаттамасы еліміздің одан әрі жаңғыруына қажетті маңызды ынталандыру құжаты болып табылатынын және оны жүзеге асыру үшін еліміздің барлық азаматтары белсене атсалысуы керектігін айтып қорытындылады. Шараға «Президент Жолдауы – елін қолдауы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Барлығы 15 адам қатысты.

IMG 4208 minIMG 4213 minIMG 4218 minIMG 4220 min

27 ақпан күні №2 жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапхана- филиалында 1-наурыз алғыс айту күніне орай «52859» әскери бөлім сарбаздары үшін «Алғыс айту -парызым» атты журфикс өтті. Мақсаты: оқырмандардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Кіріспе сөзінде кітапханашы оқырмандарды мерекемен құттықтап, Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының негізіне – отбасы мүшелерінің амандығы, қонақжайлылық пен еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен бірлік, болашаққа сенімділік сияқты баршаға түсінікті құндыдылықтар жататынын жеткізді. Шара соңында кітапханашылар өз оқырмандарына кітапқа, кітапханаға, кітапханашыларға құрметпен қарағандары үшін зор алғысын білдіріп, ары қарай осы қалыптарын сақтап, кітапты үзбей оқуға шақырды.

 

Фил2 юн Алғыс күні minФил2юн Алғыс minФил 2юн Алғыс айту күні min 

 

27 ақпан күні №16 кітапхана-филиалының қонақжайында Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту күнінде әлем мейірімге толы» атты адамгершілік диалогы өтті. Шараның мақсаты: қазақстандық патриоттыққа, ұлтаралық келісімге және қоғамдық белсенділікке тәрбиелеу, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Шара барысында қатысушыларға «Президенттің жаңа мерекені бекіту туралы хабарламасы», «Қазақстан – бір отбасы, бір халық, бір болашақ», «Қазақстан қалаларының көшелеріндегі құттықтаулар» атты бейнероликтер көрсетілді. Қорытындысында «Мейірім жолы» бейнеклипінің әуенімен қонақтарға ризашылық символы - аппақ гүл жапырақтары сыйға таратылды. Шараға 42 қатысты.

день благодарности 27.02.18 minигра цветок благодарности minф minф16 minф16 день благодарности min

23 ақпан күні №11 балалар кітапхана-филиалының оқу залында «Аққу» балалар бақшасы үшін натуралист жазушы М.М.Пришвиннің туғанына 145 жыл толуына орай «Табиғи қорықтар әлемі» атты әдеби-экологиялық таныстырылым өткізілді. Мақсаты: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу, натуралист жазушылардың үздік шығармаларын насихаттау, балалардың қоршаған әлемге адамгершілік-экологиялық көзқарасын қалыптастыру. Жазушының шығармалары туған табиғатты сүюге, бағалауға, түсінуге үйретеді. Шара барысында мектеп жасына дейінгі оқырмандар М.М.Пришвиннің шығармашылығы бойынша экологиялық саяхат жасады. Балалар «Түлкінің наны», «Кірпі», «Орман докторы», «Орман қабаттары», «Тоқылдақ» әңгімелерін қызыға тыңдап, өздері талдау жасады және П. И. Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» әуенімен табиғат туралы өлеңдер оқыды. Шараға «Жасыл желкен астындағы болашақ» атты кітап көрмесі безендірілді. Қорытындысында балалар жануарлар туралы жұмбақ-викторинаның сауалдарына жауап берді.

20180223 112829 min20180223 113115 min20180223 113151 min20180223 114055 min20180223 114135 min20180223 115125 min

Яндекс.Метрика