14 ақпан күні №15 кітапхана-филиалында ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша саяси олимп шарасы өтті. Шара барысында кітапханашылар стратегиялық құжаттың тарихи маңызы және Президент халыққа жүктеген негізгі он міндетке, оларды жүзеге асыру ережелері мен жолдарына  тереңірек тоқталып, кеңінен ақпарат берді.  №41 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жарылкапова Марина Жолдаудың ерекше тұстарына талдау жасады, Жолдауда айтылған міндеттердің басым бөлігі қарапайым халықтың өмірін жақсартуға, яғни әлеуметтік жағдайларға бағытталғаны жөнінде айтып өтті. ҚЭУ студенті Артығали Ескеназ «Жолдауды оқи отырып, Қазақстанды болашақта әлемдік деңгейде алдыңғы қатардан орын алатын,  жедел дамыған мемлекет ретінде көремін» деген пікір білдірді. Шараға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты слайд-презентация көрсетілді. Шара соңында кітапхана меңгерушісі Рамбекова Г.С. Президент Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен және осы кітап жайлы «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрген мақалалармен таныстырды. Шараға оқырмандар мен ҚарМУ студенттері қатысты.

20180214 133252 min20180214 133728 min20180214 134019 min

 

Яндекс.Метрика